Орамал тағатын қанша оқушы мектепке бармайды – министр жауабы

Министрдің айтуынша, оқушы қыздардың ата-аналарымен түсіндіру жұмыстары жүргізілгеннен кейін, хиджаб мәселесі шешілген
Sputnik
АСТАНА, 10 қазан – Sputnik. Биылғы оқу жылының басында орамал тағатын оқушы қыздардың саны 150-ден асқан. Бұл туралы оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев айтты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.
Үкіметте өткен брифингте журналистер қазіргі таңда хиджаб киетін қанша оқушы мектепке бармайтынын сұрады.
Министрдің айтуынша, Атырау облысында оқу жылының басында орамал таққан қыздардың саны жүз елуден асқан.
"Қыркүйектің басында мұндай оқушылардың саны 150-ден көп болған. Бірақ ата-аналармен түсіндіру жұмыстары жүргізілгеннен кейін, көбі мектептің бірінші міндеті сапалы білім мен тәрбие екенін түсінді. Қазіргі таңда мұндай мәселе жоқ, толығымен шешіліп жатыр. Ал басқа өңірлердің білім басқармалары берген ақпарат бойынша мектептерде орамал тағатын оқушылар жоқ", - деді Бейсембаев.
Президент оқушылардың хиджаб киюіне қатысты пікір білдірді