Оқиға

Шымкентте оқушыны қағып өлтірген жүргізуші қамауға алынды

Тоғыз жасар бала оқиға орнында көз жұмды
Sputnik
АСТАНА, 9 қазан – Sputnik. Шымкентте мектеп оқушысын қағып кеткен жүргізуші қамауға алынды. Кәмелетке толмаған бала оқиға орнында қаза болды, деп хабарлайды Polisia.kz.
Қайғылы оқиға 7 қазан кешкі 18:45 шамасында Арғынбеков көшесінде болды. BMW-530 көлігінің жүргізушісі кәмелетке толмаған жаяу жүргіншіні қағып кеткен. Жол апаты салдарынан 9 жасар ұл оқиға орнында қаза болды.
Бұл факті Қылмыстық кодекстің 345-бабы 3-бөлігі (Абайсызда адам өліміне әкеп соққан, көлiк басқаратын адамдардың жол жүрісі немесе көлiк пайдалану қағидаларын бұзуы) бойынша тіркелді. Айта кетері, бұл бап бойынша бес жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы көзделген.
Жүргізуші уақытша ұстау изоляторына қамалды. Сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр. Қажетті сараптамалар жасалады. Алдағы уақытта іс сотқа жолданады.
Полицейлер қайғылы оқиғаны болдырмау үшін азаматтардан жол ережелерін қатаң сақтауды сұрады.
Алматыда жүк көлігі самокат мінген оқушыны басып кетті