https://sputnik.kz/20231009/shymkentte-oqushyny-qagyp-oltirgen-zhurgizushi-qamauga-alyndy-39183960.html
Шымкентте оқушыны қағып өлтірген жүргізуші қамауға алынды
Шымкентте оқушыны қағып өлтірген жүргізуші қамауға алынды
Sputnik Қазақстан
Тоғыз жасар бала оқиға орнында көз жұмды 09.10.2023, Sputnik Қазақстан
2023-10-09T15:39+0500
2023-10-09T15:39+0500
2023-10-09T15:39+0500
оқиға
шымкент
оқушы
жол апаты
https://sputnik.kz/img/old/836/25/8362562_0:60:1152:708_1920x0_80_0_0_7979f9db3949dbf5546f468f352631d1.jpg
АСТАНА, 9 қазан – Sputnik. Шымкентте мектеп оқушысын қағып кеткен жүргізуші қамауға алынды. Кәмелетке толмаған бала оқиға орнында қаза болды, деп хабарлайды Polisia.kz.Қайғылы оқиға 7 қазан кешкі 18:45 шамасында Арғынбеков көшесінде болды. BMW-530 көлігінің жүргізушісі кәмелетке толмаған жаяу жүргіншіні қағып кеткен. Жол апаты салдарынан 9 жасар ұл оқиға орнында қаза болды.Бұл факті Қылмыстық кодекстің 345-бабы 3-бөлігі (Абайсызда адам өліміне әкеп соққан, көлiк басқаратын адамдардың жол жүрісі немесе көлiк пайдалану қағидаларын бұзуы) бойынша тіркелді. Айта кетері, бұл бап бойынша бес жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы көзделген.Жүргізуші уақытша ұстау изоляторына қамалды. Сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр. Қажетті сараптамалар жасалады. Алдағы уақытта іс сотқа жолданады.Полицейлер қайғылы оқиғаны болдырмау үшін азаматтардан жол ережелерін қатаң сақтауды сұрады.
https://sputnik.kz/20231005/almatyda-zhuk-koligi-samokat-mingen-oqushyny-basyp-ketti-39064651.html
шымкент
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2023
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/old/836/25/8362562_64:0:1088:768_1920x0_80_0_0_9f24565cf0550d796948c7468fea93ed.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
шымкент, оқушы, жол апаты
шымкент, оқушы, жол апаты
Шымкентте оқушыны қағып өлтірген жүргізуші қамауға алынды
Тоғыз жасар бала оқиға орнында көз жұмды
АСТАНА, 9 қазан – Sputnik. Шымкентте мектеп оқушысын қағып кеткен жүргізуші қамауға алынды. Кәмелетке толмаған бала оқиға орнында қаза болды, деп хабарлайды
Polisia.kz. Қайғылы оқиға 7 қазан кешкі 18:45 шамасында Арғынбеков көшесінде болды. BMW-530 көлігінің жүргізушісі кәмелетке толмаған жаяу жүргіншіні қағып кеткен. Жол апаты салдарынан 9 жасар ұл оқиға орнында қаза болды.
Бұл факті Қылмыстық кодекстің 345-бабы 3-бөлігі (Абайсызда адам өліміне әкеп соққан, көлiк басқаратын адамдардың жол жүрісі немесе көлiк пайдалану қағидаларын бұзуы) бойынша тіркелді. Айта кетері, бұл бап бойынша бес жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы көзделген.
Жүргізуші уақытша ұстау изоляторына қамалды. Сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр. Қажетті сараптамалар жасалады. Алдағы уақытта іс сотқа жолданады.
Полицейлер қайғылы оқиғаны болдырмау үшін азаматтардан жол ережелерін қатаң сақтауды сұрады.