Қазақстанда құмар ойынға салынғандарға кредит беру шектеледі

Құжат жобасы 20 қазанға дейін ашық талқыда болады
Sputnik
АЛМАТЫ, 9 қазан - Sputnik. Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі құмар ойынға салынғандарға қарыз беруді қатаңдатуды ұсынды.
Кредит алушының құмар ойындарын жиі ойнайтыны белгілі болса, оның борыштық жүктеме коэффициентінің ең жоғары деңгейі 0,25-пен шектеледі.  Негізін Ұлттық банк барлық қарыз алушылар үшін бекіткен деңгей - 0.5.
Қарыз алушының ойын бизнесінене қаншалықты қатысы бары қалай айқындалады? Егер адам соңғы 6 ай ішінде ойын бизнесін ұйымдастырушының пайдасына 300 мың теңгеден астам сомада үштен көп мәрте төлем жасаған болса, онда мұндай тұлғаға кредит беруде жоғарыда аталған шектеу шарасы қолданылады. 
Құжатқа сәйкес, егер қарыз алушы ойын бизнесіне белсенді қатысатын адамдар тізімінде тұрса, банк оң шешім қабылдамайды.
Сондай-ақ, ойын бизнесінде белсенді танылған:
несие алушыға ашылған кредиттік желі шеңберінде қарыз (қарыздың бір бөлігін) беруді қоспағанда қарыз алушыға қарыз беру;
несие алушыға кредиттік желі ашу (кредиттік лимитті белгілеу);
несие алушыға жасалған банктік қарыз шарты (шарттары) шеңберінде қосымша қарыз беру;
несиені өтеу кестесіне сәйкес осы қарыз бойынша мерзімді төлемдер мөлшерінің ұлғаюына алып келетін, несие алушының ашық кредиттік желісінің және (немесе) қарызы талаптарының өзгеруі бойынша оң шешім қабылданбайды.
Құжат жобасы 20 қазанға дейін ашық талқыда болады.
Лудомания: елдегі әрбір бесінші жас құмар ойынның құрығына ілінген