https://sputnik.kz/20230908/ludomaniya-eldegi-arbir-besinshi-zhas-qumar-oyynnyn-qurygyna-ilingen-38300282.html
Лудомания: елдегі әрбір бесінші жас құмар ойынның құрығына ілінген
Лудомания: елдегі әрбір бесінші жас құмар ойынның құрығына ілінген
Sputnik Қазақстан
АСТАНА, 8 қыркүйек – Sputnik. Өткен жылдың осы кезеңінде Алматыдағы психикалық денсаулық орталығының сенім телефонына 80-нен аса қоңырау түскен. Ал биыл 150-ге... 08.09.2023, Sputnik Қазақстан
2023-09-08T21:44+0500
2023-09-08T21:44+0500
2023-09-08T21:44+0500
құмар ойын
https://sputnik.kz/img/233/89/2338986_0:145:1921:1225_1920x0_80_0_0_133f5cbfe4814059172b6fa7fe41c221.jpg
АСТАНА, 8 қыркүйек – Sputnik. Өткен жылдың осы кезеңінде Алматыдағы психикалық денсаулық орталығының сенім телефонына 80-нен аса қоңырау түскен. Ал биыл 150-ге жуық адам көмек сұрап хабарласқан.Сондықтан, құмар ойындардың жарнамасын жүгендеу керек. Олай болмаған жағдайда лудомандардың қатары тіптен артып кетеді. Орталық мамандарының пікірі осындай, деп жазды Хабар 24. Дәрігерлердің айтуынша, лудоманияға шалдыққан адамның ең бірінші мінез-құлқы өзгереді. Қарапайым сөзбен айтсақ, үнемі сіркесі су көтермей тұрады. Ашуланшақ болып кетеді. Түн ұйқысы бұзылады. Оған қоса, асқа зауқы болмайды. Ешкіммен сөйлеспейді. Осы белгілер байқалған кезде маманға қаралу керек. Жақындары қолұшын созуы тиіс. Әйтпесе оның соңы қиын жағдайға әкеледі, деп дабыл қағып отыр дәрігерлер. Мұны лудоманияға шалдыққан жігіт ағасы да растайды. Ол аты-жөнін айтпауымызды өтінді. Жасы 50-ге жуықтап қалған. Құмар ойынды 5 жыл бойы ойнаған. Өздігінен қоя алмаған соң Павлодардағы психикалық денсаулық орталығының оңалту орталығына келген. 5 ай болды осында. Тағы 2 ай жатады. Ойынның кесірінен жұмысынан шығып қалған. Туған-туыс, дос-жарандарымен араз. Енді мүлдем қоямын,деп отыр. Ол кеңесшілер курсын оқып, өзі сияқты құмар ойынға кіріп кеткен адамдарға көмектескісі келеді."Өзіміздің патологиямыз, қиындық іздеп сан мың жерден кетіп қалғымыз келеді. Соны ойлап неше түрлі ой келеді. Сондықтан маманмен сөйлесу керек. Олар ішкі дүниеңдегі нәрселерді сыртқа алып шығып, жұмыс істейді. Сонда ойлайсың шығып кетсең ойынға барар едім деп. Осы жерге келіп санаған кезде 80 млн теңге ұтылыппын", -- дейді ол.Лудоманияның жас талғамайтынын Алматыдағы психикалық денсаулық орталығының директоры Сапар Рахменшеев те растап отыр. Көмек сұрап келгендердің қатарында жасөспірімнен бастап, зейнеткерге дейін бар. Құмар ойынға тәуелділіктен арыла алмай жүрген жандарға дер кезінде көмек көрсетпесе, өз-өзіне қол жұмсауы мүмкін, - дейді.Психотерапевт Мария Токарева лудоманияның да бірнеше кезеңі болатындығын айтады. Бас кезінде ойыншы өзін қадағалап жүргендей болады. Бірақ уақыт өте құмар ойынсыз тұра алмайтын халге жетіп, оның жетегінде кеткенін білмей қалады, - дейді. "Ойынды жиі ойнаған сайын өзін басқаруды, ақшасын қалай жұмсау қажеттігін қолдан шығарып алғанын ұқпай қалады. Кейін оны үрей билей бастайды. Ол барлық эмоцияны ойыннан алғысы келеді. Сөйтіп, жұмысында, отабасында түйіткілдер пайда болады. Қарызға батады. Ең соңғы сатыда өз-өзіне есеп бере алмайды. Ойынның кесірінен бәрі кері кетеді", - дейді ол.Әрине, бұл тұңғиықтан шығу үшін маманның көмегі қажет. Соңғы зерттеулерге сәйкес, елімізде әрбір бесінші жас лудоман, құмар ойынның құрығына ілінген. Осы жылдың 4 айында букмекерлік компаниялардың айналымына 100 миллиард теңгеден астам қаражат түскен. Бұл жәйтті бұдан әрі ушықтырмай реттеген жөн. Қазір парламент мәжілісінің депутаттары лудоманияға қатысты заң жобасын әзірлеп жатыр.
https://sputnik.kz/20230908/akesinin-aylygyn-qumar-oyynga-salyp-zhibergen-aqtobelik-azamat-ozine-qol-zhumsady-38293820.html
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2023
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/233/89/2338986_46:0:1873:1370_1920x0_80_0_0_bcc13c2c663b800d98206a99e0245004.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
құмар ойын
АСТАНА, 8 қыркүйек – Sputnik. Өткен жылдың осы кезеңінде Алматыдағы психикалық денсаулық орталығының сенім телефонына 80-нен аса қоңырау түскен. Ал биыл 150-ге жуық адам көмек сұрап хабарласқан.
Сондықтан, құмар ойындардың жарнамасын жүгендеу керек. Олай болмаған жағдайда лудомандардың қатары тіптен артып кетеді. Орталық мамандарының пікірі осындай, деп жазды
Хабар 24. Дәрігерлердің айтуынша, лудоманияға шалдыққан адамның ең бірінші мінез-құлқы өзгереді. Қарапайым сөзбен айтсақ, үнемі сіркесі су көтермей тұрады. Ашуланшақ болып кетеді. Түн ұйқысы бұзылады. Оған қоса, асқа зауқы болмайды. Ешкіммен сөйлеспейді. Осы белгілер байқалған кезде маманға қаралу керек. Жақындары қолұшын созуы тиіс. Әйтпесе оның соңы қиын жағдайға әкеледі, деп дабыл қағып отыр дәрігерлер.
Мұны лудоманияға шалдыққан жігіт ағасы да растайды. Ол аты-жөнін айтпауымызды өтінді. Жасы 50-ге жуықтап қалған. Құмар ойынды 5 жыл бойы ойнаған. Өздігінен қоя алмаған соң Павлодардағы психикалық денсаулық орталығының оңалту орталығына келген. 5 ай болды осында. Тағы 2 ай жатады. Ойынның кесірінен жұмысынан шығып қалған. Туған-туыс, дос-жарандарымен араз. Енді мүлдем қоямын,деп отыр. Ол кеңесшілер курсын оқып, өзі сияқты құмар ойынға кіріп кеткен адамдарға көмектескісі келеді.
"Өзіміздің патологиямыз, қиындық іздеп сан мың жерден кетіп қалғымыз келеді. Соны ойлап неше түрлі ой келеді. Сондықтан маманмен сөйлесу керек. Олар ішкі дүниеңдегі нәрселерді сыртқа алып шығып, жұмыс істейді. Сонда ойлайсың шығып кетсең ойынға барар едім деп. Осы жерге келіп санаған кезде 80 млн теңге ұтылыппын", -- дейді ол.
Лудоманияның жас талғамайтынын Алматыдағы психикалық денсаулық орталығының директоры Сапар Рахменшеев те растап отыр. Көмек сұрап келгендердің қатарында жасөспірімнен бастап, зейнеткерге дейін бар. Құмар ойынға тәуелділіктен арыла алмай жүрген жандарға дер кезінде көмек көрсетпесе, өз-өзіне қол жұмсауы мүмкін, - дейді.
Психотерапевт Мария Токарева лудоманияның да бірнеше кезеңі болатындығын айтады. Бас кезінде ойыншы өзін қадағалап жүргендей болады. Бірақ уақыт өте құмар ойынсыз тұра алмайтын халге жетіп, оның жетегінде кеткенін білмей қалады, - дейді.
"Ойынды жиі ойнаған сайын өзін басқаруды, ақшасын қалай жұмсау қажеттігін қолдан шығарып алғанын ұқпай қалады. Кейін оны үрей билей бастайды. Ол барлық эмоцияны ойыннан алғысы келеді. Сөйтіп, жұмысында, отабасында түйіткілдер пайда болады. Қарызға батады. Ең соңғы сатыда өз-өзіне есеп бере алмайды. Ойынның кесірінен бәрі кері кетеді", - дейді ол.
Әрине, бұл тұңғиықтан шығу үшін маманның көмегі қажет. Соңғы зерттеулерге сәйкес, елімізде әрбір бесінші жас лудоман, құмар ойынның құрығына ілінген. Осы жылдың 4 айында букмекерлік компаниялардың айналымына 100 миллиард теңгеден астам қаражат түскен.
Бұл жәйтті бұдан әрі ушықтырмай реттеген жөн. Қазір парламент мәжілісінің депутаттары лудоманияға қатысты заң жобасын әзірлеп жатыр.