Әлем

"ХАМАС" қозғалысы Бен Гурион әуежайы аймағына зымыран ұшырылғанын хабарлады

Палестина қозғалысының әскери өкілдері де Израильдің оңтүстігіндегі Ашкелон қаласына қарай 100 зымыран ұшырылғанын да мәлімдеді
Sputnik
АСТАНА, 9 қазан - Sputnik. Палестиналық ХАМАС қозғалысының әскери қанаты болып табылатын "Әл-Кассам" бригадалары Тель-Авивтегі Бен Гурион халықаралық әуежайы бағытында зымырандардың ұшырылғанын мәлімдеді, деп хабарлайды РИА Новости.
"Әл-Кассам бригадалары жалғасып жатқан қылмыстар мен азаматтардың үйлеріне жасалған шабуылдарға жауап ретінде Бен Гурион әуежайына зымыранмен жаппай оқ жаудырды", - деп жазылған Хамастың әскери қанаты таратқан мәлімдемеде.
Бригадалар сонымен қатар Израильдің оңтүстігіндегі Ашкелон қаласына қарай 100 зымыран бағытталғанын хабарлады.
Сондай-ақ Израиль армиясы Израильдің орталығында зымыран шабуылы туралы ескертетін дабыл құрылғылары іске қосылғаны жөнінде хабарлады.
Палестиналық Хамас қозғалысының әскери қанаты сенбі күні Израильге қарсы "Әл-Ақсадағы топан су" операциясын жариялады.
Израиль қорғаныс күштері Газ секторында Хамасқа қарсы "Темір семсерлер" операциясын бастағанын хабарлады. Израиль премьер-министрі Биньямин Нетаньяху халыққа үндеуінде елдің соғыс жағдайында екенін айтып, резервтерді кеңінен жұмылдыруды тапсырғанын мәлімдеді.
Jerusalem Post газеті палестиналық-израильдік қақтығыстың шиеленісуі кезінде Израильде қаза тапқандар саны 300-ден асқанын, 1,5 мыңнан астам адамның зардап шеккенін хабарлады. Палестина денсаулық сақтау министрлігінің соңғы мәліметі бойынша, Израильдің Газ секторына жасалған соққылар салдарынан қаза тапқандар саны 232-ге жетті, 1,7 мыңға жуық адам жарақат алды.
Қазақстанның Сыртқы істер министрлігі тараптарды "тек екі мемлекет арасындағы ғана емес, жалпы Таяу Шығыстағы жағдайдың одан әрі шиеленісуіне әкелетін әрекеттерге бармауға" шақырды.
Air Astana Тель-Авивке барып қайтқысы келетін жолаушылар үшін балама нұсқа іздеп жатыр