АСТАНА, 7 қазан – Sputnik. "Қазпошта"АҚ мен Эстонияның ұлттық пошта операторы "Eesti Post AS (Omniva) арасында іскерлік әріптестік туралы келісімге қол қойылды, деп хабарлайды компанияның баспасөз қызметі.
Компания атап өткендей, ынтымақтастық Қазақстанның транзиттік әлеуетін және "Қазпошта" АҚ электрондық коммерция саласындағы пошталық-логистикалық мүмкіндіктерін дамытуға бағытталған.
"Біз Эстония поштасымен электрондық коммерция тауарларын жеткізу бойынша ынтымақтастық орнатамыз. Біз өз тұтынушыларымызға сенімді және жылдам электрондық коммерция қызметтерін ұсынуға тырысамыз және бұл ынтымақтастық біз үшін жаңа мүмкіндіктерге жол ашады", - деді "Қазпошта" АҚ басқарма төрағасы Әсел Жанасова.
Omniva да бұл салада өзара әрекеттесуде үлкен әлеуетті көріп отыр. Әсіресе оның Еуропа мен Америкадағы ресурстарын ескерсек, ынтымақтастық тиімді болады.