Қоғам

Есірткіні пошта және курьерлік қызметтер арқылы тарату фактілері өсті – агенттік

© ДВД Северо-Казахстанской областиАрхивтегі сурет
Архивтегі сурет - Sputnik Қазақстан, 1920, 02.07.2022
Жазылу
НҰР-СҰЛТАН, 2 шілде – Sputnik. Биыл құқық қорғау және арнайы органдар есірткі контрабандасына қатысты 14 фактіні анықтады. Заңсыз айналымнан 2 келі 200 гр есірткі алынды.
Қаржы мониторингі агенттігінің мәліметінше, тұтынушы елдерде синтетикалық есірткіні тұтыну мен өндіру артқан, сондай-ақ халықаралық пошта және курьерлік қызмет арналары арқылы есірткі айналымы өскен. Мұны халықаралық аналитикалық агенттіктердің зерттеуі мен Қазақстанның құқық қорғау және арнайы органдарының ел ішінде анықтаған фактілері растап отыр.
Мәселен, былтыр қараша айында "Астана-Кедендік ресімдеу орталығы" кеден бекетінде "ит азығы" халықаралық пошта жөнелтілімінде жалпы салмағы 900 грамм болатын "амфетамин" психотроптық заты табылды.
Сонымен қатар, осы жылы 30 мамырда ҚМА Түркістан облысы бойынша аумақтық департамент қызметкерлері Жібек жолы кеден бекеті арқылы Қазақстаннан Өзбекстанға бара жатқан ер адамнан 57 грамм гашиш тәркіледі. Өзбекстандық азаматтың қылмысын қызметтік ит әшкерелеген. Қазір оған қатысты сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде.
2021 жылы қаржы мониторингі агенттігі жалпы салмағы 22 кг 734 гр болатын әртүрлі есірткі контрабандасының 28 фактісін анықтады.
Бұған дейін Германия, Нидерланды, Ресей, Беларусь, Польша және Литваның құқық қорғау және кеден қызметтерімен бірлесіп жүргізген халықаралық арнайы операцияның нәтижесінде ҚМА қызметкерлері салмағы 1 тоннадан асатын героиннің халықаралық есірткі айналымын жойды.
Агенттік ел азаматтарының денсаулығына зиян келтіретін қылмыстарды анықтау және жолын кесу бойынша белсенді жұмысты жалғастырады.
Жаңалықтар
0