Спорт

Азия ойындары – 2023: Қазақстан қоржынына 10-шы алтын медаль түсті

Отандасымыз финалда непалдық Арика Гурунгпен күш сынасты
Sputnik
АСТАНА, 7 қазан – Sputnik. Қазақстандық каратэші Софья Берульцева Азия ойындарының чемпионы атанды.
Әйелдер арасында +68 келі салмақта сынға түскен отандасымыз финалда Арика Гурунгпен (Непал) кездесті.

"Кездесу басынан белсенді қимылдаған Берульцева қарсыласына еш мүмкіндік берген жоқ. Қазақстандық спортшы 3-0 есебімен айқын жеңіске жетті", - деп хабарлайды туризм және спорт министрлігі.

Берульцова финалдық жекпе-жектен кейін өз әсерін бөлісті.
"Азия ойындарына алтын медаль алу үшін келдім. Жоспар орындалды. Бұл біздің команданың жеңісі",- дейді спортшы қыз.
Бұған дейін каратэші Данияр Юлдашев Азия ойындарының күміс жүлдегері атанды.
84 келіге дейінгі салмақта сынға түскен отандасымыз финалда малайзиялық қарсыласына есе жіберіп, күміс медаль иеленді.
Азия ойындары: ел қоржынына тоғызыншы алтын түсті