Спорт

Азия ойындары – 2023: Қазақстан қоржынына 10-шы алтын медаль түсті

Софья Берульцева - Sputnik Қазақстан, 1920, 07.10.2023
Жазылу
Отандасымыз финалда непалдық Арика Гурунгпен күш сынасты
АСТАНА, 7 қазан – Sputnik. Қазақстандық каратэші Софья Берульцева Азия ойындарының чемпионы атанды.
Әйелдер арасында +68 келі салмақта сынға түскен отандасымыз финалда Арика Гурунгпен (Непал) кездесті.

"Кездесу басынан белсенді қимылдаған Берульцева қарсыласына еш мүмкіндік берген жоқ. Қазақстандық спортшы 3-0 есебімен айқын жеңіске жетті", - деп хабарлайды туризм және спорт министрлігі.

Берульцова финалдық жекпе-жектен кейін өз әсерін бөлісті.
"Азия ойындарына алтын медаль алу үшін келдім. Жоспар орындалды. Бұл біздің команданың жеңісі",- дейді спортшы қыз.
Бұған дейін каратэші Данияр Юлдашев Азия ойындарының күміс жүлдегері атанды.
84 келіге дейінгі салмақта сынға түскен отандасымыз финалда малайзиялық қарсыласына есе жіберіп, күміс медаль иеленді.
Кайсар Алпысбай завоевал золото на Азиаде - Sputnik Қазақстан, 1920, 06.10.2023
Азия ойындары: ел қоржынына тоғызыншы алтын түсті
Жаңалықтар
0