АСТАНА, 7 қазан – Sputnik. Астанада экологиялық айлық басталғалы бері барлығы 4 мыңға жуық жасыл желек отырғызылды, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.
Елордада "Жасыл Астана" экологиялық айлығы аясында кезекті коммуналдық сенбілік өтті. Сенбілік кезінде 300-ге жуық жасыл желек отырғызылды. Оған мыңнан астам адам, оның ішінде Конституциялық сот қызметкерлері, бизнес, қала кәсіпорындарының өкілдері қатысты.
Тазартылған саябақтардың, гүлзарлар мен алаңдардың жалпы ауданы 410 мың шаршы метрді құрады. Сондай-ақ, 75 бірлік тиеу техникасы және 36 бірлік жүк техникасы жұмылдырылды.
"Экологиялық айлық басталғалы бері сенбіліктерде барлығы 4000-ға жуық жасыл желек отырғызылды", - делінген хабарламада.
Елорданың ҚТҚ полигонына 1700 тоннадан астам қоқыс шығарылған.