https://sputnik.kz/20231003/astanada-memlekettik-balabaqshalar-qayta-salyna-bastaydy-39014101.html
Астанада мемлекеттік балабақшалар қайта салына бастайды
Астанада мемлекеттік балабақшалар қайта салына бастайды
Sputnik Қазақстан
Қалада мемлекеттік балабақшалардың құрылысы осыдан алты жыл бұрын тоқтап қалған 03.10.2023, Sputnik Қазақстан
2023-10-03T17:31+0500
2023-10-03T17:31+0500
2023-10-03T17:31+0500
елорда тынысы
астана жаңалықтары
балабақша
https://sputnik.kz/img/834/57/8345771_0:0:3797:2135_1920x0_80_0_0_a7ec0daf0ae7324cb36b3d1c11236fa8.jpg
АСТАНА, 3 қазан – Sputnik. Астана әкімі Жеңіс Қасымбек мемлекеттік балабақшалардың құрылысы қайта жанданатынын мәлімдеді.Қала басшысы елордада мемлекеттік балабақшалардың құрылысы 2017 жылы тоқтап қалғанын еске салды.Әкімнің айтуынша, қазір ішкі жұмыстар жүргізіліп жатыр: жер учаскелерін анықтап, инженерлік желілер мен басқа да қажетті инфрақұрылымның дайындығы қарастырылады."Келер жылдан бастап мемлекеттік балабақшалардың құрылысын қаржыландыруды жоспарлаймыз. 60 жер учаскесін белгілеуді жоспарлап отырмыз. Оларды кезең-кезеңімен саламыз", - деп толықтырды Астана әкімі.Сонымен қатар жекеменшік балабақшаларға да жыл сайын мемлекеттік тапсырыстар бөлінеді. Мысалы, биыл жекеменшік балабақшаларға 10 300 орынға арналған мемлекеттік білім беру тапсырысы бөлінді. Өткен жылмен салыстырғанда орындар саны 5 еседен астам өскен. Сондай-ақ, жеке инвестиция есебінен 17 балабақша салынып жатыр.Жеңіс Қасымбек мектеп құрылысына да баса назар аударылатынын атап өтті. Айтуынша, үкіметтің қолдауымен 2027 жылға дейін Астанада 180 мыңға жуық орынға (екі ауысымда) арналған 65 мектеп салынады.
https://sputnik.kz/20230919/ush-zhylda-astanada-65-mektep-salynady-38570549.html
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2023
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/834/57/8345771_168:0:3543:2531_1920x0_80_0_0_78591fa073c94a665fe9ef2f10ae5455.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
астана жаңалықтары, балабақша
астана жаңалықтары, балабақша
Астанада мемлекеттік балабақшалар қайта салына бастайды
Қалада мемлекеттік балабақшалардың құрылысы осыдан алты жыл бұрын тоқтап қалған
АСТАНА, 3 қазан – Sputnik. Астана әкімі Жеңіс Қасымбек мемлекеттік балабақшалардың құрылысы қайта жанданатынын мәлімдеді.
Қала басшысы елордада мемлекеттік балабақшалардың құрылысы 2017 жылы тоқтап қалғанын еске салды.
"Осы алты жылда жекеменшік балабақшаларға арналған мемлекеттік тапсырыстар бөлінді. Дегенмен халық санының өсуін ескерсек, қалада әлеуметтік нысандарға деген қажеттілік байқалады. Сол себепті мемлекеттік балабақшалардың құрылысын қайта бастау туралы шешім қабылдадық", - деп жазды Қасымбек әлеуметтік желідегі парақшасында.
Әкімнің айтуынша, қазір ішкі жұмыстар жүргізіліп жатыр: жер учаскелерін анықтап, инженерлік желілер мен басқа да қажетті инфрақұрылымның дайындығы қарастырылады.
"Келер жылдан бастап мемлекеттік балабақшалардың құрылысын қаржыландыруды жоспарлаймыз. 60 жер учаскесін белгілеуді жоспарлап отырмыз. Оларды кезең-кезеңімен саламыз", - деп толықтырды Астана әкімі.
Сонымен қатар жекеменшік балабақшаларға да жыл сайын мемлекеттік тапсырыстар бөлінеді. Мысалы, биыл жекеменшік балабақшаларға 10 300 орынға арналған мемлекеттік білім беру тапсырысы бөлінді. Өткен жылмен салыстырғанда орындар саны 5 еседен астам өскен. Сондай-ақ, жеке инвестиция есебінен 17 балабақша салынып жатыр.
Жеңіс Қасымбек мектеп құрылысына да баса назар аударылатынын атап өтті. Айтуынша, үкіметтің қолдауымен 2027 жылға дейін Астанада 180 мыңға жуық орынға (екі ауысымда) арналған 65 мектеп салынады.