АСТАНА, 5 қазан – Sputnik. 1 қазанда өткен "Мәтіндік ақпаратпен жұмыс істеу қабілетін бағалау" тестілеуіне 6 404 үміткер жіберіліп, оған оның 5398-і қатысты. Үміткерлер мәтіндік ақпаратты талдау қабілетін анықтау тестінен өтті, деп хабарлайды мемлекеттік қызмет істері агенттігі.
Іріктеу тәртібіне сәйкес келесі тестілеуге – "Сандық ақпаратпен жұмыс істеу қабілетін бағалауға" қатысушылардың жалпы санының 50%-і жіберіледі. Бірнеше үміткердің нәтижесі бірдей болған жағдайда келесі тестілеу блогына қатысушылар көбірек жіберілуі мүмкін.
Осылайша, тестілеудің екінші блогы "Сандық ақпаратпен жұмыс істеу қабілетін бағалауға" ең жоғары нәтиже көрсеткен 2967 үміткер жіберілді.
Тестілеудің екінші блогы 7 қазанда өтеді. Ол үміткердің кестелер, графикалар және диаграммалар түріндегі сандық ақпаратпен жұмыс істеу қабілетін анықтауға бағытталған 25 тест тапсырмасынан тұрады.
"Сандық ақпаратпен жұмыс істеу қабілетін бағалау" тестілеуіне жіберілген барлық үміткер 6 қазан сағат 23:59-ға дейінгі мерзімде (Астана қаласының уақыты бойынша) өзінің жеке кабинетінде тест тапсыру уақытын таңдауы қажет.