https://sputnik.kz/20231005/prezidenttik-zhastar-kadr-rezervi-umitkerler-tizimi-zhariyalandy-39085790.html
Президенттік жастар кадр резерві: үміткерлер тізімі жарияланды
Президенттік жастар кадр резерві: үміткерлер тізімі жарияланды
Sputnik Қазақстан
Тестілеудің екінші блогы 7 қазанда өтеді. 05.10.2023, Sputnik Қазақстан
2023-10-05T17:05+0500
2023-10-05T17:05+0500
2023-10-05T17:05+0500
мемлекеттік қызметші
https://sputnik.kz/img/1274/21/12742185_0:0:3243:1825_1920x0_80_0_0_b50e7a6832e1d3dcec2e1106ec5a02e8.jpg
АСТАНА, 5 қазан – Sputnik. 1 қазанда өткен "Мәтіндік ақпаратпен жұмыс істеу қабілетін бағалау" тестілеуіне 6 404 үміткер жіберіліп, оған оның 5398-і қатысты. Үміткерлер мәтіндік ақпаратты талдау қабілетін анықтау тестінен өтті, деп хабарлайды мемлекеттік қызмет істері агенттігі.Іріктеу тәртібіне сәйкес келесі тестілеуге – "Сандық ақпаратпен жұмыс істеу қабілетін бағалауға" қатысушылардың жалпы санының 50%-і жіберіледі. Бірнеше үміткердің нәтижесі бірдей болған жағдайда келесі тестілеу блогына қатысушылар көбірек жіберілуі мүмкін.Осылайша, тестілеудің екінші блогы "Сандық ақпаратпен жұмыс істеу қабілетін бағалауға" ең жоғары нәтиже көрсеткен 2967 үміткер жіберілді.Тестілеудің екінші блогы 7 қазанда өтеді. Ол үміткердің кестелер, графикалар және диаграммалар түріндегі сандық ақпаратпен жұмыс істеу қабілетін анықтауға бағытталған 25 тест тапсырмасынан тұрады."Сандық ақпаратпен жұмыс істеу қабілетін бағалау" тестілеуіне жіберілген барлық үміткер 6 қазан сағат 23:59-ға дейінгі мерзімде (Астана қаласының уақыты бойынша) өзінің жеке кабинетінде тест тапсыру уақытын таңдауы қажет.
https://sputnik.kz/20230811/zhastar-kadr-rezervi-zhonindegi-ulttyq-komissiyanyn-otyrysy-otti-37571507.html
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2023
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/1274/21/12742185_455:0:2932:1858_1920x0_80_0_0_985300797000e90b473f6598114de25c.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
мемлекеттік қызметші
Президенттік жастар кадр резерві: үміткерлер тізімі жарияланды
Тестілеудің екінші блогы 7 қазанда өтеді.
АСТАНА, 5 қазан – Sputnik. 1 қазанда өткен "Мәтіндік ақпаратпен жұмыс істеу қабілетін бағалау" тестілеуіне 6 404 үміткер жіберіліп, оған оның 5398-і қатысты. Үміткерлер мәтіндік ақпаратты талдау қабілетін анықтау тестінен өтті, деп хабарлайды мемлекеттік қызмет істері агенттігі.
Іріктеу тәртібіне сәйкес келесі тестілеуге – "Сандық ақпаратпен жұмыс істеу қабілетін бағалауға" қатысушылардың жалпы санының 50%-і жіберіледі. Бірнеше үміткердің нәтижесі бірдей болған жағдайда келесі тестілеу блогына қатысушылар көбірек жіберілуі мүмкін.
Осылайша, тестілеудің екінші блогы "Сандық ақпаратпен жұмыс істеу қабілетін бағалауға" ең жоғары нәтиже көрсеткен
2967 үміткер жіберілді.
Тестілеудің екінші блогы 7 қазанда өтеді. Ол үміткердің кестелер, графикалар және диаграммалар түріндегі сандық ақпаратпен жұмыс істеу қабілетін анықтауға бағытталған 25 тест тапсырмасынан тұрады.
"Сандық ақпаратпен жұмыс істеу қабілетін бағалау" тестілеуіне жіберілген барлық үміткер 6 қазан сағат 23:59-ға дейінгі мерзімде (Астана қаласының уақыты бойынша) өзінің жеке кабинетінде тест тапсыру уақытын таңдауы қажет.