18 мыңнан астам жұмыскердің құқығы қорғалды

Оларға 5,2 млрд теңге төленді
Sputnik
АСТАНА, 5 қазан – Sputnik. 1 қазандағы жағдай бойынша республиканың 827 кәсіпорны 20,6 мың жұмыскерге 5,9 млрд. теңгеден астам сомаға жалақы бойынша берешек екені анықталды, деп хабарлайды еңбек және әлеуметтік қорғау министрлігі.
Осы кәсіпорындардың басшыларына орындалуы міндетті 1 127 нұсқама беріліп, 134,9 млн теңгеден астам сомаға айыппұл салынды.
Қабылданған шаралар, соның ішінде жалақы бойынша берешекті өтеудің қатаң кестелері мен мерзімдерін белгілеу нәтижесінде 18 мыңнан астам жұмыскердің құқығы қорғалды. Оларға 5,2 млрд теңге төленді.