Қазақстаннан Баку – Тбилиси – Джейхан арқылы айдалатын мұнай көлемі 1,1 млн тоннаға жетеді

Осы жылдың сәуір-қыркүйек айларында Баку – Тбилиси – Джейхан арқылы 609 мың тоннаға жуық қазақстандық мұнай тасымалданды
Sputnik
АСТАНА, 4 қазан – Sputnik. Баку – Тбилиси – Джейхан (БТД) мұнай құбыры арқылы Қазақстаннан мұнай айдау қарқыны артып, жыл соңына дейін бұл көлем 1,1 миллион тоннаға жетеді. Бұл туралы Әзербайжанның энергетика министрі Парвиз Шахбазов мәлім етті, деп хабарлайды РИА Новости.
"Осы жылдың сәуір-қыркүйек айларында Баку – Тбилиси – Джейхан арқылы 609 мың тоннаға жуық қазақстандық мұнай тасымалданды. Оның 493 мың тоннасы Джейхан портынан әлемдік нарыққа жөнелтілді. Жыл соңына дейін бұл көрсеткіш 1,1 млн тоннаға жетеді", - деп мәлімдеді министр Шанхай ынтымақтастық ұйымының энергетикалық форумында.
2022 жылы Қасым-Жомарт Тоқаев Транскаспий дәлізі бойынша мұнай тасымалдау көлемін арттыруды тапсырды. Осыған сәйкес "Қазмұнайгаз" ұлттық компаниясы мен Әзербайжанның мемлекеттік мұнай компаниясы SOCAR Ақтау – Баку – Джейхан бағыты бойынша жылына 1,5 млн тонна мұнай транзиті туралы бесжылдық келісімге қол қойған болатын.
Каспий құбыр консорциумы мұнай өткізу қабілетін 80 миллион тоннаға дейін ұлғайтады