https://sputnik.kz/20231004/kaspiy-qubyr-konsortsiumy-munay-otkizu-qabiletin-80-million-tonna-deyin-ulgaytady-39027457.html
Каспий құбыр консорциумы мұнай өткізу қабілетін 80 миллион тоннаға дейін ұлғайтады
Каспий құбыр консорциумы мұнай өткізу қабілетін 80 миллион тоннаға дейін ұлғайтады
Sputnik Қазақстан
Жалпы алғанда Каспий құбыр консорциумы іске қосылғаннан бері Қазақстан кен орындарынан КҚК арқылы 860 миллион тоннадан астам мұнай экспортталды 04.10.2023, Sputnik Қазақстан
2023-10-04T09:50+0500
2023-10-04T09:50+0500
2023-10-04T09:50+0500
қасым-жомарт тоқаев
мұнай
мұнай кен орыны
https://sputnik.kz/img/07e7/0a/04/39026175_0:124:1723:1093_1920x0_80_0_0_9b4499577aa440bf6f4d85cd2fbb2336.jpg
АСТАНА, 4 қазан – Sputnik. Қасым-Жомарт Тоқаев келесі жылы Каспий құбыр консорциумы мұнай өткізу қабілетін 80 миллион тоннаға дейін ұлғайтатынын мәлімдеді, деп хабарлайды Ақорда.Президент Қазақстандағы "Шелл" концернінің 30 жылдығына арналған салтанатты жиынға қатысып, мәлімдеме жасады.Сонымен қатар, консорциум кәсіпорындарының бірінде "Теңіз" мұнай айдау станциясы объектілерінде ауаны ластаушы заттардың шекті рұқсат етілген шығарындыларының нормаларын қайта қарау жөніндегі жария экологиялық тыңдаулардың қорытындысы шығарылды, деп хабарлады КҚК баспасөз қызметі.Консорциум компаниясы тыңдауға келесі жылы Теңіз мұнай айдау станциясын кеңейту жобасы негіз болғанын атап өтті.Кәсіпорын нысандарда төбесі қалқымалы екі жаңа резервуарды іске қосуды, ал понтондары бар екі резервуарды бөлшектеуді жоспарлап отыр."Енгізілген техникалық шешім экологиялық жағынан таза және атмосфераны ластаушы заттардың шығарындыларын азайтуға бағытталған", - деп атап өтті компания.Қоршаған ортаны қорғау инженері Мейрамгүл Қарағойшиева КҚК-К нысандарында ластаушы заттардың шығарындыларын барынша азайту үшін жоғары технологиялық мұнай айдау жабдықтары қолданылатынын айтты."КҚК мұнай құбыры жүйесі өнеркәсіптік қауіпсіздік пен экология тұрғысынан әлемдегі техникалық және ең қауіпсіз жүйелердің бірі болып саналады", - делінген хабарламада.КҚК – Қазақстанды Новороссийск маңындағы теңіз портымен байланыстыратын құбыр жүйесі, мұнда мұнай әлемдік нарықтарға жөнелту үшін танкерлерге тиеледі. Батыс Қазақстанның мұнай кен орындарын Новороссийскідегі теңіз терминалымен байланыстыратын құбырдың ұзындығы 1511 мың шақырымды құрайды.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2023
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e7/0a/04/39026175_50:0:1674:1218_1920x0_80_0_0_f90bffe5373243334362e54d4a828ec1.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
қасым-жомарт тоқаев, мұнай, мұнай кен орыны
қасым-жомарт тоқаев, мұнай, мұнай кен орыны
Каспий құбыр консорциумы мұнай өткізу қабілетін 80 миллион тоннаға дейін ұлғайтады
Жалпы алғанда Каспий құбыр консорциумы іске қосылғаннан бері Қазақстан кен орындарынан КҚК арқылы 860 миллион тоннадан астам мұнай экспортталды
АСТАНА, 4 қазан – Sputnik. Қасым-Жомарт Тоқаев келесі жылы Каспий құбыр консорциумы мұнай өткізу қабілетін 80 миллион тоннаға дейін ұлғайтатынын мәлімдеді, деп хабарлайды Ақорда.
Президент Қазақстандағы "Шелл" концернінің 30 жылдығына арналған салтанатты жиынға қатысып, мәлімдеме жасады.
"2001 жылдан бері Каспий құбыр консорциумы арқылы 860 млн тоннадан астам қазақстандық мұнай экспортталды. Осы уақыт ішінде КҚК өткізу қабілеті шамамен 2,5 есе – жылына 67 млн тоннаға дейін өсті. 2024 жылға қарай бұл көрсеткішті 80 млн тоннаға дейін жеткізу жоспарлануда", - деді Тоқаев.
Сонымен қатар, консорциум кәсіпорындарының бірінде "Теңіз" мұнай айдау станциясы объектілерінде ауаны ластаушы заттардың шекті рұқсат етілген шығарындыларының нормаларын қайта қарау жөніндегі жария экологиялық тыңдаулардың қорытындысы шығарылды, деп хабарлады КҚК баспасөз қызметі.
Консорциум компаниясы тыңдауға келесі жылы Теңіз мұнай айдау станциясын кеңейту жобасы негіз болғанын атап өтті.
Кәсіпорын нысандарда төбесі қалқымалы екі жаңа резервуарды іске қосуды, ал понтондары бар екі резервуарды бөлшектеуді жоспарлап отыр.
"Енгізілген техникалық шешім экологиялық жағынан таза және атмосфераны ластаушы заттардың шығарындыларын азайтуға бағытталған", - деп атап өтті компания.
Қоршаған ортаны қорғау инженері Мейрамгүл Қарағойшиева КҚК-К нысандарында ластаушы заттардың шығарындыларын барынша азайту үшін жоғары технологиялық мұнай айдау жабдықтары қолданылатынын айтты.
"КҚК мұнай құбыры жүйесі өнеркәсіптік қауіпсіздік пен экология тұрғысынан әлемдегі техникалық және ең қауіпсіз жүйелердің бірі болып саналады", - делінген хабарламада.
КҚК – Қазақстанды Новороссийск маңындағы теңіз портымен байланыстыратын құбыр жүйесі, мұнда мұнай әлемдік нарықтарға жөнелту үшін танкерлерге тиеледі. Батыс Қазақстанның мұнай кен орындарын Новороссийскідегі теңіз терминалымен байланыстыратын құбырдың ұзындығы 1511 мың шақырымды құрайды.