АСТАНА, 4 қазан – Sputnik. Қытайдың Ханчжоу қаласында өтіп жатқан Азия ойындарының өткен тәуліктегі жарыс нәтижелері шықты.
Атап айтқанда:
Велошабандоз Алексей Луценко жекелей жарыста алтын медаль жеңіп алды. Алексей Қытай мен Гонконг спортшыларынан озып, 39,7 км қашықтықты 48:05.75-те жүріп өтті. Бұл Алексейдің спорттық мансабындағы Азия ойындарының 4-ші медалі.
Данил Мұсабаев батуттық гимнастикада Азиаданың күмісжүлдегері атанды.
Қазақстан құрамасына тағы 2 күміс медальді байдарка мен каноэде ескек есушілерәкелді: олар Тимофей мен Сергей Емельяновтар 1000 м каноэде есу, сондай-ақ Маргарита Торлопова мен Ульяна Киселева 200 м каноэде есу.
Қола медаль жеңіп алғандар:
Рината Сұлтанова – тас жолдағы веложарыс (жекелей жарыс);
Надежда Дубовицкая -биіктікке секіру;
Каролин Чепкоеч Кипкируи-5000 м жүгіру;
Мария Бровкова-байдарка мен каноэде есу (WС1, 200 м);
Асланбек Шымбергенов-бокс (71 кг).
Боксшы Қамшыбек Қоңқабаев +92 келі салмақ дәрежесінде финалға шығып, Үндістаннан келген қарсыласын сенімді түрде жеңді.
10-шы жарыс күнінің қорытындысы бойынша Қазақстан құрамасының қоржынында 5 алтын, 10 күміс және 32 қола жүлде бар.