https://sputnik.kz/20231004/aziya-oyyndary-otken-zharys-kuninin-natizheleri-qanday-39025900.html
Азия ойындары: өткен жарыс күнінің нәтижелері қандай
Азия ойындары: өткен жарыс күнінің нәтижелері қандай
Sputnik Қазақстан
10-шы жарыс күнінің қорытындысы бойынша Қазақстан құрамасының қоржынында 5 алтын, 10 күміс және 32 қола жүлде бар 04.10.2023, Sputnik Қазақстан
2023-10-04T08:36+0500
2023-10-04T08:36+0500
2023-10-04T08:36+0500
спорт
азия ойындары
https://sputnik.kz/img/07e7/0a/04/39023935_0:56:1080:664_1920x0_80_0_0_fe68b51f950dfc347a58dce0195c907d.jpg
АСТАНА, 4 қазан – Sputnik. Қытайдың Ханчжоу қаласында өтіп жатқан Азия ойындарының өткен тәуліктегі жарыс нәтижелері шықты.Атап айтқанда:Велошабандоз Алексей Луценко жекелей жарыста алтын медаль жеңіп алды. Алексей Қытай мен Гонконг спортшыларынан озып, 39,7 км қашықтықты 48:05.75-те жүріп өтті. Бұл Алексейдің спорттық мансабындағы Азия ойындарының 4-ші медалі.Данил Мұсабаев батуттық гимнастикада Азиаданың күмісжүлдегері атанды.Қазақстан құрамасына тағы 2 күміс медальді байдарка мен каноэде ескек есушілерәкелді: олар Тимофей мен Сергей Емельяновтар 1000 м каноэде есу, сондай-ақ Маргарита Торлопова мен Ульяна Киселева 200 м каноэде есу.Қола медаль жеңіп алғандар:Рината Сұлтанова – тас жолдағы веложарыс (жекелей жарыс);Надежда Дубовицкая -биіктікке секіру;Каролин Чепкоеч Кипкируи-5000 м жүгіру;Мария Бровкова-байдарка мен каноэде есу (WС1, 200 м);Асланбек Шымбергенов-бокс (71 кг).Боксшы Қамшыбек Қоңқабаев +92 келі салмақ дәрежесінде финалға шығып, Үндістаннан келген қарсыласын сенімді түрде жеңді.10-шы жарыс күнінің қорытындысы бойынша Қазақстан құрамасының қоржынында 5 алтын, 10 күміс және 32 қола жүлде бар.
https://sputnik.kz/20231003/aziya-oyyndary-el-qorzhynyna-besinshi-altyn-tusti-38993072.html
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2023
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e7/0a/04/39023935_60:0:1020:720_1920x0_80_0_0_4e2dadf30251f771ea717aee38c3e3ad.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
азия ойындары
Азия ойындары: өткен жарыс күнінің нәтижелері қандай
10-шы жарыс күнінің қорытындысы бойынша Қазақстан құрамасының қоржынында 5 алтын, 10 күміс және 32 қола жүлде бар
АСТАНА, 4 қазан – Sputnik. Қытайдың Ханчжоу қаласында өтіп жатқан Азия ойындарының өткен тәуліктегі жарыс нәтижелері шықты.
Велошабандоз Алексей Луценко жекелей жарыста алтын медаль жеңіп алды. Алексей Қытай мен Гонконг спортшыларынан озып, 39,7 км қашықтықты 48:05.75-те жүріп өтті. Бұл Алексейдің спорттық мансабындағы Азия ойындарының 4-ші медалі.
Данил Мұсабаев батуттық гимнастикада Азиаданың күмісжүлдегері атанды.
Қазақстан құрамасына тағы 2 күміс медальді байдарка мен каноэде ескек есушілерәкелді: олар Тимофей мен Сергей Емельяновтар 1000 м каноэде есу, сондай-ақ Маргарита Торлопова мен Ульяна Киселева 200 м каноэде есу.
Қола медаль жеңіп алғандар:
Рината Сұлтанова – тас жолдағы веложарыс (жекелей жарыс);
Надежда Дубовицкая -биіктікке секіру;
Каролин Чепкоеч Кипкируи-5000 м жүгіру;
Мария Бровкова-байдарка мен каноэде есу (WС1, 200 м);
Асланбек Шымбергенов-бокс (71 кг).
Боксшы Қамшыбек Қоңқабаев +92 келі салмақ дәрежесінде финалға шығып, Үндістаннан келген қарсыласын сенімді түрде жеңді.
10-шы жарыс күнінің қорытындысы бойынша Қазақстан құрамасының қоржынында 5 алтын, 10 күміс және 32 қола жүлде бар.