АСТАНА, 4 қазан – Sputnik. Украинаның цифрлық трансформация министрлігінің онлайн картасынан алынған мәліметтерге сәйкес, елдің Полтава және Сумы облыстарында әуе дабылы жарияланды. Бұл туралы РИА Новости жазды.
Карта деректеріне сәйкес, Полтава облысында сағат 3.36-да, Сумы облысында 3.56-да әуе шабуылы туралы дабыл қағылған.
Сонымен қатар, дәл осы министрлік деректеріне сәйкес, Харьков облысында түнде үшінші рет әуе шабуылы туралы ескерту жарияланды. Карта мәліметіндегі ақпарат бойынша, аталған дабыл Мәскеу уақытымен сағат 6.01-де жарияланған.
Жалпы Харьков облысындағы әуе дабылы бұл күні үшінші рет жарияланып отыр – оның алдында әуе дабылы түнгі сағат 00.00-ден 00.19-ға дейін, сондай-ақ 1.54-тен 2.24-ке дейін естілді.
Ресей қарулы күштері 2022 жылдың 10 қазанында – Қырым көпіріндегі лаңкестік әрекеттен кейін екі күннен кейін Украинаның инфрақұрылымына соққы беруді бастады. Себебі Ресей билігі Қырым көпіріндегі жарылыстың артында Украина арнайы қызметі тұр дегенді алға тартады. Ресей Украинаның барлық аумағында энергетика, қорғаныс өнеркәсібі, әскери басқару және байланыс нысандарына соққы беріп жатыр. Содан бері Украина аймақтарында, кейде бүкіл елде күн сайын әуе шабуылы туралы ескертулер жарияланады.