https://sputnik.kz/20231004/aeo-ukrainanyn-birneshe-oblysynda-aue-dabyly-zhariyalandy-39041170.html
АӘО: Украинаның бірнеше облысында әуе дабылы жарияланды
АӘО: Украинаның бірнеше облысында әуе дабылы жарияланды
Sputnik Қазақстан
АСТАНА, 4 қазан – Sputnik. Украинаның цифрлық трансформация министрлігінің онлайн картасынан алынған мәліметтерге сәйкес, елдің Полтава және Сумы облыстарында... 04.10.2023, Sputnik Қазақстан
2023-10-04T11:58+0500
2023-10-04T11:58+0500
2023-10-04T12:23+0500
ресейдің украинадағы арнайы әскери операциясы
украина
https://sputnik.kz/img/07e7/0a/04/39041600_0:0:3073:1728_1920x0_80_0_0_be85f6b7564945298382f3286a672654.jpg
АСТАНА, 4 қазан – Sputnik. Украинаның цифрлық трансформация министрлігінің онлайн картасынан алынған мәліметтерге сәйкес, елдің Полтава және Сумы облыстарында әуе дабылы жарияланды. Бұл туралы РИА Новости жазды.Карта деректеріне сәйкес, Полтава облысында сағат 3.36-да, Сумы облысында 3.56-да әуе шабуылы туралы дабыл қағылған.Сонымен қатар, дәл осы министрлік деректеріне сәйкес, Харьков облысында түнде үшінші рет әуе шабуылы туралы ескерту жарияланды. Карта мәліметіндегі ақпарат бойынша, аталған дабыл Мәскеу уақытымен сағат 6.01-де жарияланған.Жалпы Харьков облысындағы әуе дабылы бұл күні үшінші рет жарияланып отыр – оның алдында әуе дабылы түнгі сағат 00.00-ден 00.19-ға дейін, сондай-ақ 1.54-тен 2.24-ке дейін естілді.Ресей қарулы күштері 2022 жылдың 10 қазанында – Қырым көпіріндегі лаңкестік әрекеттен кейін екі күннен кейін Украинаның инфрақұрылымына соққы беруді бастады. Себебі Ресей билігі Қырым көпіріндегі жарылыстың артында Украина арнайы қызметі тұр дегенді алға тартады. Ресей Украинаның барлық аумағында энергетика, қорғаныс өнеркәсібі, әскери басқару және байланыс нысандарына соққы беріп жатыр. Содан бері Украина аймақтарында, кейде бүкіл елде күн сайын әуе шабуылы туралы ескертулер жарияланады.
украина
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2023
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e7/0a/04/39041600_136:0:2867:2048_1920x0_80_0_0_742472a3e0dc095b57477e95336a9582.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
украина
АӘО: Украинаның бірнеше облысында әуе дабылы жарияланды
11:58 04.10.2023 (жаңартылды: 12:23 04.10.2023) АСТАНА, 4 қазан – Sputnik. Украинаның цифрлық трансформация министрлігінің онлайн картасынан алынған мәліметтерге сәйкес, елдің Полтава және Сумы облыстарында әуе дабылы жарияланды. Бұл туралы
РИА Новости жазды.
Карта деректеріне сәйкес, Полтава облысында сағат 3.36-да, Сумы облысында 3.56-да әуе шабуылы туралы дабыл қағылған.
Сонымен қатар, дәл осы министрлік деректеріне сәйкес, Харьков облысында түнде үшінші рет әуе шабуылы туралы ескерту жарияланды. Карта мәліметіндегі ақпарат бойынша, аталған дабыл Мәскеу уақытымен сағат 6.01-де жарияланған.
Жалпы Харьков облысындағы әуе дабылы бұл күні үшінші рет жарияланып отыр – оның алдында әуе дабылы түнгі сағат 00.00-ден 00.19-ға дейін, сондай-ақ 1.54-тен 2.24-ке дейін естілді.
Ресей қарулы күштері 2022 жылдың 10 қазанында – Қырым көпіріндегі лаңкестік әрекеттен кейін екі күннен кейін Украинаның инфрақұрылымына соққы беруді бастады. Себебі Ресей билігі Қырым көпіріндегі жарылыстың артында Украина арнайы қызметі тұр дегенді алға тартады. Ресей Украинаның барлық аумағында энергетика, қорғаныс өнеркәсібі, әскери басқару және байланыс нысандарына соққы беріп жатыр. Содан бері Украина аймақтарында, кейде бүкіл елде күн сайын әуе шабуылы туралы ескертулер жарияланады.