ТМД елдерінің медиа форумы өтеді

Форумның пленарлық отырысында халықаралық журналистика, ақпараттық қауіпсіздік және ТМД елдеріндегі ақпараттық және саяси кеңістіктегі өзара іс-қимыл мәселелері талқыланады
Sputnik
АСТАНА, 3 қазан – Sputnik. 1 қарашада Мәскеуде өтетін "Өзгермелі әлемдегі медианың дамуы" форумы Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына мүше елдердегі бұқаралық ақпарат құралдары қызметінің қазіргі жағдайы мен келешегін талдауға арналады.
Іс-шараны Ресей Федерациясының цифрлық даму, байланыс және бұқаралық коммуникациялар министрлігінің қолдауымен "Россия сегодня" халықаралық медиа тобы ұйымдастырады.
Талқылауға саяси элита, БАҚ және сарапшылар қауымдастығының өкілдері қатысады.
Форумның пленарлық отырысы халықаралық журналистика, ақпараттық қауіпсіздік және ТМД елдеріндегі ақпараттық және саяси кеңістіктегі өзара іс-қимыл мәселелеріне арналады. Түрлі тақырыптарға арналған сессияларда жасанды интеллектің медиа саласындағы болашағын, Telegram-арналарды жүргізудің тиімді стратегияларын, Достастық елдерінде орыстілді БАҚ-ты дамытуды және цифрлық дәуірде бейіндік факультеттердің студенттерін даярлау ерекшеліктерін талқылау жоспарланып отыр.
2022 жылы ТМД елдерінің медиа форумына Ресейден, жақын және алыс шет елдерден келген 300 журналист, саясаткер және сарапшы қатысты.
Іс-шараның ресми сайты: https://mediaforumcis.ru/
БАҚ пен қатысушылар мына сілтеме арқылы аккредиттеледі.
Байланыс телефоны: +7 495-645-6601 (7083) org@mediaforumcis.ru
Балаева журналистердің үстінен іс қозғауға болатын мерзімді қысқартуға мүдделі