Балаева журналистердің үстінен іс қозғауға болатын мерзімді қысқартуға мүдделі

© Sputnik / Владислав ВодневМикрофоны представителей СМИ на пресс-конференции
Микрофоны представителей СМИ на пресс-конференции - Sputnik Қазақстан, 1920, 13.09.2023
Жазылу
АСТАНА, 13 қыркүйек – Sputnik. Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева журналистердің материалдары бойынша талап қоюдың ескіру мерзімін қысқартуға мүдделі екенін мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
Қазақстанда журналистер бұрыннан бері өз материалдары бойынша талап қоюдың ескіру мерзімін қысқартуды сұрайды. Парламенттің қарауына түскен заң жобасы аясында осы мәселені реттеу жоспарланып отыр.
"Иә, шынымен, журналистер қауымдастығы ондай мәселені көтеріп келеді. Осы орайда қазір мәжіліске массмедиа туралы заң жобасының түскенін атап өткім келеді. Соның аясында осы мәселе де қаралады. Әзірше, заң жобасында талап қоюдың ескіру мерзімі 3 жыл деп белгіленген. Білуімше, медиа қауымдастық бір жыл болғанын қалайды. Мен министр ретінде осы бастаманы қолдаймын. Менің ойымша, депутаттық корпуспен талқылау кезінде бір шешімге келеміз", - деді Балаева Sputnik Қазақстан-ға берген сұхбатында.
Айта кетері, таяуда ғана мәдениет және ақпарат министрі қызметіне тағайындалған Аида Балаева осы лауазымдағы алғашқы сұхбатын Sputnik Қазақстан-ға беріп, елді алаңдатып жүрген бірқатар сұраққа жауап берді.
Балаева: Әлеуметтік желіде арандатушылыққа жол бермеуге шақырамын - Sputnik Қазақстан, 1920, 13.09.2023
Балаева: министрлік концерттерді ұйымдастырушыларға қатаң талап қояды
Жаңалықтар
0