АЛМАТЫ, 2 қазан — Sputnik. Алматыда 1,5 жасар баланың саусағына аяғының башпайы ауыстырылып салынды, деп хабарлады №2 қалалық балалар клиникалық ауруханасының баспасөз қызметі.
Туа біткен және жүре пайда болған кеселдері бар алты қазақстандық баланың аяқ-қолына жасалған оталар сәтті аяқталды. Соның бірі – Мүбарак есімді жеткіншек. Оның башпайы саусағына салынды.
Алматыда 1,5 жасар баланың саусағына аяғының башпайы ауыстырылып салынды
© Photo : общественный фонд "Милосердие
"Менің немеремнің туған кезде оң қолының білегі болмады, ал сол қолының бас бармағы толық жетілмеген. Қызым "Мейірімділік" қоғамдық қорына жүгінді, тексеруден кейін дәрігерлер аяқтың башпайын сол қолындағы саусағына ауыстырып салуға болатынын айтты. Бұл оған сол қолымен кружканы ұстауға, сол қолды толығымен пайдалануға мүмкіндік береді. Болашақта мектепке барғанда сол қолымен қалам ұстап, жаза алу үшін қажет", - дейді баланың әжесі Мира Қалибекова.
Алматыда 1,5 жасар баланың саусағына аяғының башпайы ауыстырылып салынды
© Photo : общественный фонд "Милосердие
Баланың барлық сараптамасы дұрыс болған. Ал ота 8 сағатқа созылған.
Дәрігерлердің айтуынша, бармақсыз қалған аяққа еш нұқсан жоқ. Бала қалыпты жағдайда жүріп, тұра алады.