https://sputnik.kz/20231003/almatyda-sausagy-zhetilmegen-narestege-ayagynyn-bashpayy-auystyrylyp-salyndy-39016703.html
Алматыда саусағы жетілмеген нәрестеге башпайы ауыстырылып салынды
Алматыда саусағы жетілмеген нәрестеге башпайы ауыстырылып салынды
Sputnik Қазақстан
АЛМАТЫ, 2 қазан — Sputnik. Алматыда 1,5 жасар баланың саусағына аяғының башпайы ауыстырылып салынды, деп хабарлады №2 қалалық балалар клиникалық ауруханасының... 03.10.2023, Sputnik Қазақстан
2023-10-03T18:09+0500
2023-10-03T18:09+0500
2023-10-03T18:12+0500
алматы
саусақ
https://sputnik.kz/img/07e7/0a/02/38942950_0:96:1024:672_1920x0_80_0_0_3b92b474403215c70e2abfa510c16f11.jpg
АЛМАТЫ, 2 қазан — Sputnik. Алматыда 1,5 жасар баланың саусағына аяғының башпайы ауыстырылып салынды, деп хабарлады №2 қалалық балалар клиникалық ауруханасының баспасөз қызметі.Туа біткен және жүре пайда болған кеселдері бар алты қазақстандық баланың аяқ-қолына жасалған оталар сәтті аяқталды. Соның бірі – Мүбарак есімді жеткіншек. Оның башпайы саусағына салынды."Менің немеремнің туған кезде оң қолының білегі болмады, ал сол қолының бас бармағы толық жетілмеген. Қызым "Мейірімділік" қоғамдық қорына жүгінді, тексеруден кейін дәрігерлер аяқтың башпайын сол қолындағы саусағына ауыстырып салуға болатынын айтты. Бұл оған сол қолымен кружканы ұстауға, сол қолды толығымен пайдалануға мүмкіндік береді. Болашақта мектепке барғанда сол қолымен қалам ұстап, жаза алу үшін қажет", - дейді баланың әжесі Мира Қалибекова.Баланың барлық сараптамасы дұрыс болған. Ал ота 8 сағатқа созылған.Дәрігерлердің айтуынша, бармақсыз қалған аяққа еш нұқсан жоқ. Бала қалыпты жағдайда жүріп, тұра алады.
алматы
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2023
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e7/0a/02/38942950_0:0:1024:768_1920x0_80_0_0_2372fb2acc979b220046ef24c1914a1f.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
алматы, саусақ
Алматыда саусағы жетілмеген нәрестеге башпайы ауыстырылып салынды
18:09 03.10.2023 (жаңартылды: 18:12 03.10.2023) АЛМАТЫ, 2 қазан — Sputnik. Алматыда 1,5 жасар баланың саусағына аяғының башпайы ауыстырылып салынды, деп хабарлады №2 қалалық балалар клиникалық ауруханасының баспасөз қызметі.
Туа біткен және жүре пайда болған кеселдері бар алты қазақстандық баланың аяқ-қолына жасалған оталар сәтті аяқталды. Соның бірі – Мүбарак есімді жеткіншек. Оның башпайы саусағына салынды.
"Менің немеремнің туған кезде оң қолының білегі болмады, ал сол қолының бас бармағы толық жетілмеген. Қызым "Мейірімділік" қоғамдық қорына жүгінді, тексеруден кейін дәрігерлер аяқтың башпайын сол қолындағы саусағына ауыстырып салуға болатынын айтты. Бұл оған сол қолымен кружканы ұстауға, сол қолды толығымен пайдалануға мүмкіндік береді. Болашақта мектепке барғанда сол қолымен қалам ұстап, жаза алу үшін қажет", - дейді баланың әжесі Мира Қалибекова.
Баланың барлық сараптамасы дұрыс болған. Ал ота 8 сағатқа созылған.
Дәрігерлердің айтуынша, бармақсыз қалған аяққа еш нұқсан жоқ. Бала қалыпты жағдайда жүріп, тұра алады.