Қаңтар оқиғасы

Алматы әкімдігінің ғимараты 10 балдық жер сілкінісіне төтеп береді – мердігер

Сейсмикалық күшейту жұмыстары аясында көп мөлшерде металл пайдаланылды
Sputnik
АСТАНА, 3 қазан – Sputnik. Алматы әкімдігінің қалпына келтірілген ғимараты сейсмикалық қауіп төнген жағдайда 10 балға төтеп береді. Бұл туралы "Атрикс-Строй" ЖШС құрылыс компаниясының директоры Әміржан Нәбиев айтты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан әкімдіктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Қалалық әкімдік ғимаратында энергия үнемдеу технологиялары қолданылып, өртке төзімді материалдар пайдаланылды, сондай-ақ барлық қабатта өрт сөндіру және кіруді бақылау жүйелері бар.
Сонымен қатар халықаралық стандарттар ескеріле отырып, ғимараттың жер сілкінісіне төзімділігі бойынша ауқымды жұмыс атқарылды.
"Әкімдік ғимаратын бөлшектеу барысында белгілі бір қиындықтар болды. Мысалы, өрт кезінде бірнеше плита беріктігін жоғалтқан және оларды жаңа жолмен толтырып, күшейтуге тура келді", - дейді Әміржан Нәбиев.
Сейсмикалық күшейту жұмыстары аясында көп мөлшерде металл пайдаланылды.
"Төтенше жағдай кезінде берік конструкциялар ғимаратты сақтап қалуға мүмкіндік береді", - деп түсіндірді мердігер компанияның басшысы
Оның айтуынша, Алматы әкімдігінің ғимараты жер сілкінісі болған жағдайда 10 баллға төтеп береді.
Қаңтар оқиғасы
Қаңтар оқиғасы кезінде отқа оранған Алматы әкімдігінің ғимараты қалпына келтірілді