АЛМАТЫ, 2 қазан - Sputnik. Маңғыстау облысы Ақтауда марқұм Валерия Шальнованың өліміне қатыстық істі тергеу басқа бапқа ауыстырылды, деп хабарлайды Lada.kz порталы.
Прокуратура 21 жастағы Валерия Шальнованы өлтірді және зорлады деген күдікпен Ақтау тұрғынына қатысты іс бойынша айыптау қорытындысын бекітті. Жақын арада материал сотқа жіберіледі. Сондай-ақ қылмыстық істі ашуға кедергі келтірген полиция қызметкерлері де жауапкершілікке тартылуы мүмкін. Бұл туралы жәбірленуші тараптың адвокаты Ажар Әбділ мәлімдеді.
Күдікті үш қылмыстық бап бойынша сотталады: "Жыныстық сипаттағы зорлық-зомбылықпен байланысты кісі өлтіру", "Жәбірленушіге зорлық-зомбылықпен жыныстық сипаттағы зорлық-зомбылық" және "Тонау, бөтеннің мүлкін ашық ұрлау".
"Осы істі тергеу барысында кейбір полиция қызметкерлері аса ауыр қылмысты уақытында ашуға кедергілер жасаған, қылмысты жасыру фактілері анықталды. Оларға қатысты жеке өндіріске материал бөлініп, Маңғыстау облысы полиция департаментінің жеке қауіпсіздік басқармасына жіберілді, онда кінәлі адамдардың іс-әрекеттеріне тиісті баға беріледі", - деп толықтырды адвокат Ажар Әбділ.
Естеріңізге сала кетейік, Ақтаулық 21 жастағы спортшының мәйіті МАЭК су каналының маңынан табылған. Полицейлер қылмыстық іс ҚР ҚК-нің 105-бабы "Суицидке жеткізу" бойынша жүргізіліп жатқанын хабарлаған болатын. Кейінірек Қылмыстық Кодекстің 119 бабына "Қауіпті жағдайда қалдыру" бойынша ауыстырды. Енді ҚР ҚК-нің 99-на "Кісі өлтіру" бабына, яғни үшінші рет ауыстырылды.