https://sputnik.kz/20231002/qylmysty-zhasyrgan-advokat-sportshy-valeriya-shalnovanyn-olimine-qatysty-malimdeme-zhasady-38932152.html
"Қылмысты жасырған": адвокат спортшы Валерия Шальнованың өліміне қатысты мәлімдеме жасады
"Қылмысты жасырған": адвокат спортшы Валерия Шальнованың өліміне қатысты мәлімдеме жасады
Sputnik Қазақстан
АЛМАТЫ, 2 қазан - Sputnik. Маңғыстау облысы Ақтауда марқұм Валерия Шальнованың өліміне қатыстық істі тергеу басқа бапқа ауыстырылды, деп хабарлайды Lada.kz... 02.10.2023, Sputnik Қазақстан
2023-10-02T10:51+0500
2023-10-02T10:51+0500
2023-10-02T10:51+0500
ақтау
қылмыс
спортшы
https://sputnik.kz/img/1255/66/12556614_0:0:2049:1153_1920x0_80_0_0_44942fc16e7284211d706d81300cb401.jpg
АЛМАТЫ, 2 қазан - Sputnik. Маңғыстау облысы Ақтауда марқұм Валерия Шальнованың өліміне қатыстық істі тергеу басқа бапқа ауыстырылды, деп хабарлайды Lada.kz порталы.Прокуратура 21 жастағы Валерия Шальнованы өлтірді және зорлады деген күдікпен Ақтау тұрғынына қатысты іс бойынша айыптау қорытындысын бекітті. Жақын арада материал сотқа жіберіледі. Сондай-ақ қылмыстық істі ашуға кедергі келтірген полиция қызметкерлері де жауапкершілікке тартылуы мүмкін. Бұл туралы жәбірленуші тараптың адвокаты Ажар Әбділ мәлімдеді.Күдікті үш қылмыстық бап бойынша сотталады: "Жыныстық сипаттағы зорлық-зомбылықпен байланысты кісі өлтіру", "Жәбірленушіге зорлық-зомбылықпен жыныстық сипаттағы зорлық-зомбылық" және "Тонау, бөтеннің мүлкін ашық ұрлау".Естеріңізге сала кетейік, Ақтаулық 21 жастағы спортшының мәйіті МАЭК су каналының маңынан табылған. Полицейлер қылмыстық іс ҚР ҚК-нің 105-бабы "Суицидке жеткізу" бойынша жүргізіліп жатқанын хабарлаған болатын. Кейінірек Қылмыстық Кодекстің 119 бабына "Қауіпті жағдайда қалдыру" бойынша ауыстырды. Енді ҚР ҚК-нің 99-на "Кісі өлтіру" бабына, яғни үшінші рет ауыстырылды.
ақтау
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2023
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/1255/66/12556614_157:0:1694:1153_1920x0_80_0_0_8ed0ab272c9dbf596ef61d3172a1f477.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
ақтау, қылмыс, спортшы
"Қылмысты жасырған": адвокат спортшы Валерия Шальнованың өліміне қатысты мәлімдеме жасады
АЛМАТЫ, 2 қазан - Sputnik. Маңғыстау облысы Ақтауда марқұм Валерия Шальнованың өліміне қатыстық істі тергеу басқа бапқа ауыстырылды, деп хабарлайды
Lada.kz порталы.
Прокуратура 21 жастағы Валерия Шальнованы өлтірді және зорлады деген күдікпен Ақтау тұрғынына қатысты іс бойынша айыптау қорытындысын бекітті. Жақын арада материал сотқа жіберіледі. Сондай-ақ қылмыстық істі ашуға кедергі келтірген полиция қызметкерлері де жауапкершілікке тартылуы мүмкін. Бұл туралы жәбірленуші тараптың адвокаты Ажар Әбділ мәлімдеді.
Күдікті үш қылмыстық бап бойынша сотталады: "Жыныстық сипаттағы зорлық-зомбылықпен байланысты кісі өлтіру", "Жәбірленушіге зорлық-зомбылықпен жыныстық сипаттағы зорлық-зомбылық" және "Тонау, бөтеннің мүлкін ашық ұрлау".
"Осы істі тергеу барысында кейбір полиция қызметкерлері аса ауыр қылмысты уақытында ашуға кедергілер жасаған, қылмысты жасыру фактілері анықталды. Оларға қатысты жеке өндіріске материал бөлініп, Маңғыстау облысы полиция департаментінің жеке қауіпсіздік басқармасына жіберілді, онда кінәлі адамдардың іс-әрекеттеріне тиісті баға беріледі", - деп толықтырды адвокат Ажар Әбділ.
Естеріңізге сала кетейік, Ақтаулық 21 жастағы спортшының мәйіті МАЭК су каналының маңынан табылған. Полицейлер қылмыстық іс ҚР ҚК-нің 105-бабы "Суицидке жеткізу" бойынша жүргізіліп жатқанын хабарлаған болатын. Кейінірек Қылмыстық Кодекстің 119 бабына "Қауіпті жағдайда қалдыру" бойынша ауыстырды. Енді ҚР ҚК-нің 99-на "Кісі өлтіру" бабына, яғни үшінші рет ауыстырылды.