Алаяқтар банкрот болғысы келетін қазақстандықтарды алдап жүр – салықшылар ескерту жасады

Sputnik
АСТАНА, 2 қазан – Sputnik. Салықшылар банкроттық рәсімі бойынша алаяқтардың делдалдық қызметтерді жиі ұсына бастағанын ескертті. Сол үшін ақшалай сыйақы да сұрайды, деп хабарлайды мемлекеттік кірістер комитеті
Заңға сәйкес, соттан тыс банкроттық үшін ешқайда барудың қажеті жоқ. Электронды түрде өтініш тапсырса жеткілікті.

"Сіз 1414 нөміріне қоңырау шалу немесе SalyqBot Telegram чатқа жазу арқылы кеңес ала аласыз. Сондай-ақ, ХҚКО операторларына немесе мемлекеттік кірістер органдарының қызметкерлеріне жүгініп, рәсімді қолдану тәртібіне тегін кеңес және түсіндірулер алуға болады", - дейді салықшылар.

Банкроттық рәсімінен өту тәртібі қаржы министрлігі мен мемлекеттік кірістер комитетінің сайттарында жарияланған. Ал өтініш беру жөніндегі нұсқаулықты eGov.kz сайтынан дабойынша көруге болады.
Бұдан бөлек банкроттық мәселесі бойынша кеңес алу үшін "Аманат" партиясының облыстық филиалдарына жүгінуге мүмкіндік бар.
Айта кетері, 3 наурыздан бастап банкроттыққа өтініштер қабылдау басталған болатын. Азаматтар соттан тыс банкроттыққа өтінішті (қаржы ұйымдары алдындағы борыштар бойынша 5,5 млн. теңгеден аспайтын сомаға) ХҚКО-ға келмей-ақ, электрондық үкімет порталы (eGov.kz.), сондай-ақ e-Salyq Azamat немесе eGov Mobile мобильді қосымшасы арқылы бере алады.
"25 мың теңге салсаң, 700 мың етіп қайтарамын": Қарағандыда алаяқ ұсталды