"25 мың теңге салсаң, 700 мың етіп қайтарамын": Қарағандыда алаяқ ұсталды

© Photo : Pixabay / PexelsСмартфон
Смартфон - Sputnik Қазақстан, 1920, 01.08.2023
Жазылу
Алматы, 1 тамыз - Sputnik. Қарағандылық “Киберпол” қызметкерлері шалғайдағы ауылда алаяқтық жасаған адамды ұстады, деп хабарлайды Polisia.kz.
Қарағанды облысында жыл басынан бері мыңнан астам адам алаяқтарға алданған.
"28 шілдеде Ұлытау облысы, Жәйрем кентінен “ақшаны көбейтемін” деп тұрғындарды алдаған 25 жастағы ауыл тұрғыны ұсталды. Күдікті әлеуметтік желіде “25 мың теңге ақша салып, 700 мың теңгеге дейін көбейтіп беремін” деген жалған ақпаратпен жұмыс жасаған", - дейді ведомство.
Көбейген ақшаны шешіп алу үшін ол қосымша комиссия төлеу керек екенін айтқан.
"Сөйтіп ақшаны алып алғаннан кейін ақша салушымен арадағы байланысты үзіп, сөйлескен адамның әлеуметтік желісін бұғаттап тастаған. Күдіктінің 4 қылмысқа қатысы бары анықталды. Ол жәбірленушілерге жалпы құны 500 мың теңгеден астам шығын келтірген", - дейді полиция.
Судебный молоток, архивное фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 28.07.2023
Астаналықтарды 600 мың теңгеге алдаған алаяқ үш жылға сотталды
Жаңалықтар
0