АЛМАТЫ, 1 қазан - Sputnik. Алматы қаласындағы белсенді ұзақ өмір орталығында 1742 адам тіркелген. Күніне бұл орталыққа 200-ден астам қарт адам келеді. Орталықтың мақсаты мен қарттардың пікірін Sputnik Қазақстан тілшісі біліп қайтты.
Группа любителей скандинавской ходьбы в Центре активного долголетия
© Sputnik/Ертай Сарбасов
Алматыдағы белсенді ұзақ өмір орталығының ашылғанына бір жылдан асты. Мақсаты - егде жастағы жандардың өмір сүру ұзақтығын арттыру.
День пожилых
© Sputnik/Ертай Сарбасов Александр Мироглов
Дәулетгүл Әбішева скандинавия жүрісімен шұғылданады.
"Денсаулығымызды жақсартуға келеміз. Бір жылда 8 келі салмақ тастадым. Өзімді жеңіл сезінемін. Мұнда келетін кісілер "балаларға ауыр салмақ салмайық" деп айтады. Үйде жатып алып, ауырдым дей бермей, өзімізді күтейік", - дейді Дәулетгүл Әбішева.
День пожилых
© Sputnik/Ертай Сарбасов Александр Мироглов
Орталықта қарттар тіл үйренеді, қолөнермен айналысады, спортпен шұғылданады, әртүрлі үйірмелерге қатысады. Тіпті алматылық көрерменге арнайы концерттік бағдарламалар да қойып береді.
День пожилых
© Sputnik/Ертай Сарбасов Александр Мироглов
"Бұл жерге келіп, бір-бірімен табысып, үйленіп жатқан жалғызбасты қарттар да бар. Қалған өмірлерін бірге өткізейік деп айтады олар. Махаббат қай жаста да керек. Сол кісілерге қарасам сондай бақытты болып жүреді. Ал махаббат болу үшін ең бірінші денсаулық керек. Денсаулықты күтіңіздер", - дейді Дәулетгүл Әбішева.
День пожилых
© Sputnik/Ертай Сарбасов Александр Мироглов
Алматы облысында 150 мыңнан астам зейнеткер тұрады.
Ал республика бойынша 2 миллионнан астам егде жастағы адам бар.