https://sputnik.kz/20231001/zhastardy-aurege-salmayyq-almatylyq-qarttardyn-ustanymy-qanday---video--38919695.html
"Жастарды әуреге салмайық": Алматылық қарттардың ұстанымы қандай - видео
"Жастарды әуреге салмайық": Алматылық қарттардың ұстанымы қандай - видео
Sputnik Қазақстан
Алматы облысында 150 мыңнан астам зейнеткер тұрады 01.10.2023, Sputnik Қазақстан
2023-10-01T11:39+0500
2023-10-01T11:39+0500
2023-10-01T13:51+0500
алматы
қария
https://sputnik.kz/img/07e7/0a/01/38919875_0:0:1501:844_1920x0_80_0_0_7c8aeac28dfa600d0a75a8ec66433ff8.jpg
АЛМАТЫ, 1 қазан - Sputnik. Алматы қаласындағы белсенді ұзақ өмір орталығында 1742 адам тіркелген. Күніне бұл орталыққа 200-ден астам қарт адам келеді. Орталықтың мақсаты мен қарттардың пікірін Sputnik Қазақстан тілшісі біліп қайтты.Алматыдағы белсенді ұзақ өмір орталығының ашылғанына бір жылдан асты. Мақсаты - егде жастағы жандардың өмір сүру ұзақтығын арттыру.Дәулетгүл Әбішева скандинавия жүрісімен шұғылданады."Денсаулығымызды жақсартуға келеміз. Бір жылда 8 келі салмақ тастадым. Өзімді жеңіл сезінемін. Мұнда келетін кісілер "балаларға ауыр салмақ салмайық" деп айтады. Үйде жатып алып, ауырдым дей бермей, өзімізді күтейік", - дейді Дәулетгүл Әбішева.Орталықта қарттар тіл үйренеді, қолөнермен айналысады, спортпен шұғылданады, әртүрлі үйірмелерге қатысады. Тіпті алматылық көрерменге арнайы концерттік бағдарламалар да қойып береді."Бұл жерге келіп, бір-бірімен табысып, үйленіп жатқан жалғызбасты қарттар да бар. Қалған өмірлерін бірге өткізейік деп айтады олар. Махаббат қай жаста да керек. Сол кісілерге қарасам сондай бақытты болып жүреді. Ал махаббат болу үшін ең бірінші денсаулық керек. Денсаулықты күтіңіздер", - дейді Дәулетгүл Әбішева.Алматы облысында 150 мыңнан астам зейнеткер тұрады.Ал республика бойынша 2 миллионнан астам егде жастағы адам бар.
алматы
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2023
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e7/0a/01/38919875_69:0:1404:1001_1920x0_80_0_0_81558d0116e54b86c202342889b9bf70.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
алматы, қария
"Жастарды әуреге салмайық": Алматылық қарттардың ұстанымы қандай - видео
11:39 01.10.2023 (жаңартылды: 13:51 01.10.2023) Алматы облысында 150 мыңнан астам зейнеткер тұрады
АЛМАТЫ, 1 қазан - Sputnik. Алматы қаласындағы белсенді ұзақ өмір орталығында 1742 адам тіркелген. Күніне бұл орталыққа 200-ден астам қарт адам келеді. Орталықтың мақсаты мен қарттардың пікірін
Sputnik Қазақстан тілшісі біліп қайтты.
Алматыдағы белсенді ұзақ өмір орталығының ашылғанына бір жылдан асты. Мақсаты - егде жастағы жандардың өмір сүру ұзақтығын арттыру.
Дәулетгүл Әбішева скандинавия жүрісімен шұғылданады.
"Денсаулығымызды жақсартуға келеміз. Бір жылда 8 келі салмақ тастадым. Өзімді жеңіл сезінемін. Мұнда келетін кісілер "балаларға ауыр салмақ салмайық" деп айтады. Үйде жатып алып, ауырдым дей бермей, өзімізді күтейік", - дейді Дәулетгүл Әбішева.
Орталықта қарттар тіл үйренеді, қолөнермен айналысады, спортпен шұғылданады, әртүрлі үйірмелерге қатысады. Тіпті алматылық көрерменге арнайы концерттік бағдарламалар да қойып береді.
"Бұл жерге келіп, бір-бірімен табысып, үйленіп жатқан жалғызбасты қарттар да бар. Қалған өмірлерін бірге өткізейік деп айтады олар. Махаббат қай жаста да керек. Сол кісілерге қарасам сондай бақытты болып жүреді. Ал махаббат болу үшін ең бірінші денсаулық керек. Денсаулықты күтіңіздер", - дейді Дәулетгүл Әбішева.
Алматы облысында 150 мыңнан астам зейнеткер тұрады.
Ал республика бойынша 2 миллионнан астам егде жастағы адам бар.