АСТАНА, 29 қыркүйек – Sputnik. Қазақстанның семсерлесушілері мен велоспортшылары Азия ойындарының жүлдегері атанды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
Финалда спортшыларымыз Жапония құрамасымен кездесті. 9 жекпе-жектің қорытындысы бойынша екі команда тең түсті. Есеп – 35:35. Төрешілер қосымша бір минут беруге шешім қабылдады. Сол кезде жапондар бір ұпай алып кетті.
Осылайша, Руслан Құрбанов, Эльмир Әлімжанов, Ерік Сартай мен Вадим Шарлаимов семсерлесуден Азиаданың күміс медаліне ие болды. Бұл – семсерлесушілердің Азия ойындарындағы үшінші медалі. Бұған дейін олар командалық жарыста қола жүлдені иеленді. Бір күн бұрын шпажист Эльмир Әлімжанов жекелей сында үшінші орынға ие болды.
Ал тректегі велоспорттың командалық сынында ел намысын қорғаған Артем Захаров пен Рамис Дінмұхаметов Азия ойындарының қола жүлдегері атанды.
Айта кетері, қазіргі кезде Қазақстанның қоржынында 25 медаль (3 алтын, 4 күміс және 18 қола) бар. Ал командалық есепте 11-ші орында тұрмыз.