Тоқаев Германияға ресми сапармен барды

Президент Орталық Азия және Германия мемлекеттері басшыларының кездесуіне қатысады
Sputnik
АСТАНА, 28 қыркүйек – Sputnik. Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Германия Федеративтік Республикасына ресми сапары басталды, деп хабарлады Ақорда.
"Сапар барысында мемлекет басшысы Федералдық Канцлер Олаф Шольцпен және Федералдық президент Франк-Вальтер Штайнмайермен келіссөз жүргізеді", - деп жазылған хабарламада.
Сонымен қатар президент Орталық Азия және Германия мемлекеттері басшыларының кездесуіне қатысады деп жоспарланып отыр.
Бұдан бөлек, сапар аясында мемлекет басшысы халықаралық Berlin Global Dialogue форумында сөз сөйлейді және Германияның іскерлік қоғамдастығы өкілдерімен бірқатар кездесу өткізеді.
Смайылов пен Германия президенті Ақтауда "уақыт капсуласын" салды