Америкалық кәсіпкер Илон Маск егер ол Twitter әлеуметтік желісін сатып алмағанда, украиналық нацист Ярослав Хунканы Канада парламентінде құрметтеу оқиғасы жұртшылыққа тарамас еді деп болжады. Бұл туралы РИА Новости жазды.
"Канадалық нацист туралы оқиға қалай жұртшылыққа тарады? MSM (mainstream media – үстемдік етуші медиа) оны елемеуге тырысты. Егер ғалым бұл туралы осы платформада хабарламаса, әлем бұл туралы білмес еді. Өйткені Канада премьер-министрі Трюдо бұл оқиғаны "ресейлік жалған ақпарат" деп атап, оқиғадан назар аударуға тырысты. Ескі Twitter-де бұл жаңалық цензуралаға тап болуы әбден мүмкін еді", - деп жазды X әлеуметтік желісі қолданушыларының бірі. Бұл хабарлама астына өткен жылы әлеуметтік желіні сатып алған Маск "иә" деген құптау пікір қалдырды.
Оттава университетінің саясаттанушысы Иван Катчановски осы оқиғаға бірінші болып назар аударды. Владимир Зеленскийдің келу құрметіне орай Канада парламентіне 98 жастағы Ярослав Хунка шақырылып, ол орыстарға қарсы күрескен ардагер ретінде таныстырылған.
Ғалым Хункидің шын мәнінде СС әскерінің "Галичина" дивизиясының жауынгері болғанын айтып, өз сөзінің дәлелін келтірді. Катчановски жазғандай, Forward басылымы оның пікіріне бірінші болып мән беріп, жанжал туралы хабарлаған алғашқы батыстық БАҚ болды. Содан кейін бұл оқиға халықаралық басылым беттерінде кеңінен жарияланды.
Канаданың премьер-министрі Джастин Трюдо кейінірек украиналық нацисті құрметтеген қателігі үшін кешірім сұрады. Бірақ жауапкершілікті мойындаудан бас тартып, қателікті қызметінен кеткен парламент спикері жасағанын алға тартты.