https://sputnik.kz/20230928/mask-kanada-parlamentinde-bolgan-oqiganyn-ken-taraluyna-twitter-din-yqpaly-bolganyn-aytty-38939005.html
Маск Канада парламентінде болған оқиғаның кең таралуына Twitter-дің ықпалы болғанын айтты
Маск Канада парламентінде болған оқиғаның кең таралуына Twitter-дің ықпалы болғанын айтты
Sputnik Қазақстан
Маск өзінің ықпалы болмағанда, СС өкілін құрметтеу Twitter-де цензураға тап болатынын айтты 28.09.2023, Sputnik Қазақстан
2023-09-28T18:48+0500
2023-09-28T18:48+0500
2023-10-02T14:48+0500
әлеуметтік желілер
https://sputnik.kz/img/150/41/1504139_0:401:4200:2764_1920x0_80_0_0_f0de31d914415b24ee64cbd18495d416.jpg
Америкалық кәсіпкер Илон Маск егер ол Twitter әлеуметтік желісін сатып алмағанда, украиналық нацист Ярослав Хунканы Канада парламентінде құрметтеу оқиғасы жұртшылыққа тарамас еді деп болжады. Бұл туралы РИА Новости жазды."Канадалық нацист туралы оқиға қалай жұртшылыққа тарады? MSM (mainstream media – үстемдік етуші медиа) оны елемеуге тырысты. Егер ғалым бұл туралы осы платформада хабарламаса, әлем бұл туралы білмес еді. Өйткені Канада премьер-министрі Трюдо бұл оқиғаны "ресейлік жалған ақпарат" деп атап, оқиғадан назар аударуға тырысты. Ескі Twitter-де бұл жаңалық цензуралаға тап болуы әбден мүмкін еді", - деп жазды X әлеуметтік желісі қолданушыларының бірі. Бұл хабарлама астына өткен жылы әлеуметтік желіні сатып алған Маск "иә" деген құптау пікір қалдырды.Оттава университетінің саясаттанушысы Иван Катчановски осы оқиғаға бірінші болып назар аударды. Владимир Зеленскийдің келу құрметіне орай Канада парламентіне 98 жастағы Ярослав Хунка шақырылып, ол орыстарға қарсы күрескен ардагер ретінде таныстырылған. Ғалым Хункидің шын мәнінде СС әскерінің "Галичина" дивизиясының жауынгері болғанын айтып, өз сөзінің дәлелін келтірді. Катчановски жазғандай, Forward басылымы оның пікіріне бірінші болып мән беріп, жанжал туралы хабарлаған алғашқы батыстық БАҚ болды. Содан кейін бұл оқиға халықаралық басылым беттерінде кеңінен жарияланды.Канаданың премьер-министрі Джастин Трюдо кейінірек украиналық нацисті құрметтеген қателігі үшін кешірім сұрады. Бірақ жауапкершілікті мойындаудан бас тартып, қателікті қызметінен кеткен парламент спикері жасағанын алға тартты.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2023
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/150/41/1504139_0:7:4200:3157_1920x0_80_0_0_34f989ce9d31a5a73f56a28dfc6e8c27.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
әлеуметтік желілер
Маск Канада парламентінде болған оқиғаның кең таралуына Twitter-дің ықпалы болғанын айтты
18:48 28.09.2023 (жаңартылды: 14:48 02.10.2023) Маск өзінің ықпалы болмағанда, СС өкілін құрметтеу Twitter-де цензураға тап болатынын айтты
Америкалық кәсіпкер Илон Маск егер ол Twitter әлеуметтік желісін сатып алмағанда, украиналық нацист Ярослав Хунканы Канада парламентінде құрметтеу оқиғасы жұртшылыққа тарамас еді деп болжады. Бұл туралы
РИА Новости жазды.
"Канадалық нацист туралы оқиға қалай жұртшылыққа тарады? MSM (mainstream media – үстемдік етуші медиа) оны елемеуге тырысты. Егер ғалым бұл туралы осы платформада хабарламаса, әлем бұл туралы білмес еді. Өйткені Канада премьер-министрі Трюдо бұл оқиғаны "ресейлік жалған ақпарат" деп атап, оқиғадан назар аударуға тырысты. Ескі Twitter-де бұл жаңалық цензуралаға тап болуы әбден мүмкін еді", - деп жазды X әлеуметтік желісі қолданушыларының бірі. Бұл хабарлама астына өткен жылы әлеуметтік желіні сатып алған Маск "иә" деген құптау пікір қалдырды.
Оттава университетінің саясаттанушысы Иван Катчановски осы оқиғаға бірінші болып назар аударды. Владимир Зеленскийдің келу құрметіне орай Канада парламентіне 98 жастағы Ярослав Хунка шақырылып, ол орыстарға қарсы күрескен ардагер ретінде таныстырылған.
Ғалым Хункидің шын мәнінде СС әскерінің "Галичина" дивизиясының жауынгері болғанын айтып, өз сөзінің дәлелін келтірді. Катчановски жазғандай, Forward басылымы оның пікіріне бірінші болып мән беріп, жанжал туралы хабарлаған алғашқы батыстық БАҚ болды. Содан кейін бұл оқиға халықаралық басылым беттерінде кеңінен жарияланды.
Канаданың премьер-министрі Джастин Трюдо кейінірек украиналық нацисті құрметтеген қателігі үшін кешірім сұрады. Бірақ жауапкершілікті мойындаудан бас тартып, қателікті қызметінен кеткен парламент спикері жасағанын алға тартты.