Фото

2023 жылдың мұхитта түсірілген ең үздік суреттері анықталды

Ocean Photographer of the Year 2023 байқауының жеңімпазы кімдер болғанын Sputnik суреттер топтамасынан біле аласыз
Sputnik
Акулалар мен киттердің, медузалар мен сегізаяқтардың, балықтар мен ұлулардың, пингвиндер мен ақ аюлардың, жалпы мұхитта немесе мұхитқа жақын жерде өмір сүретін тіршілік иелерінің өмірі туралы керемет суреттер.
Жыл сайынғы "Мұхит фотографы" (Ocean Photographer of the Year 2023) сыйлығының иегерлерін анықтауды Oceanographic журналы ұйымдастырды. 2023 жылдың үздік теңіз фотографы кім? Жеңімпаздардың суретін қараңыз!
1 / 14

Филиппинде жанартау атқылағаннан кейін түнде мұхит қоқыстарының үстінде қозғалып бара жатқан "қағаз наутилус" деп аталып кеткен басаяқты ұлу. Фото авторы – байқаудың мінсіз жеңімпазы Цзялин Цай.

2 / 14

Папуан пингвині – әлемдегі ең жылдам пингвин түрі. Суреттің бас кейіпкері Антарктидадағы суда фотографтың қайығына қарай жүгіріп келе жатыр. Сурет авторы – байқауда екінші орын алған Крейг Пэрри.

3 / 14

Теңіз шаяны мұхит ағынындағы толқындарға тербелген актинияның ортасында отыр. Суретті фотограф Андрей Савин түсірген.

4 / 14

Кесіртке басты балықтың аузындағы "тосынсый". Фотограф Джек Покой теңіздегі тіршілік иесінің ашық тұрған аузын суретке түсіріп, оның таңғы асқа не жегенін көрсетті.

5 / 14

Жарыс жеңімпазы атанған ең жас қатысушылардың бірі – Джарвис Смоллман. Ол түсірген суретте дауыл белгісі болатын үлкен сұр бұлттар күнді жауып, соның әсерінен толқын түсі қанық көкке боялған сәтте бодибордистің теңізге қарай жүзіп бара жатқаны бейнеленген, Батыс Австралия.

6 / 14

Альваро Лопес жабдыққа оралып, жүзбеқанаттары зақымданған китті суретке түсірді. Алайда кит жараланғанына қарамастан жүзуді жалғастырды (Мексика).

7 / 14

Джейд Хоксберген кит акуласын және онымен бірге жүзген балықтар тобын суретке түсірді. Олар балықшылардың жарқыраған шамдарына қарай жүзіп бара жатыр, Мальдив аралдары.

8 / 14

Индонезияның Алор аралының маңында жергілікті балақайлар қолдан жасалған ағаш көзілдіріктерді пайдаланып, теңізде ойнап жүзіп жүр. Авторы – Питер Маршалл.

9 / 14

Қызыққұмар лобстер-өрмекші камера объективіне қарап тұр. Юнг-сен Ву түсірген күлкілі сурет.

10 / 14

Норвегияда ақ аю жұқа мұз үстіне көтерілуге тырысып жатыр. Фотограф Флориан Леду.

11 / 14

Андаман теңізінде түнде жас риф акуласы балықшының қармағына түсіп қалды, Мьянма. Авторы – Сирачай Арунругстичай.

12 / 14

Бұл балық аулауға арналған бұталы қоршаулар. Цзинъи Ван оларды сәтті бұрыштан камерасына түсіріп алған. Қытай.

13 / 14

Серфинг кезінде жағада кемпірқосақ пайда болды. Суретті Тодд Глейзер түсірген, Оаху, Гавайи.

14 / 14

Хомосасса өзенінің мөлдір суындағы жырықерінді, Флорида. Авторы – Сильви Айер.