Фотоаппарат - Sputnik Қазақстан, 1920, 02.02.2022
Фото
Әлем және Қазақстан жаңалықтары - суреттер сөйлейді

2023 жылдың мұхитта түсірілген ең үздік суреттері анықталды

Жазылу
Ocean Photographer of the Year 2023 байқауының жеңімпазы кімдер болғанын Sputnik суреттер топтамасынан біле аласыз
Акулалар мен киттердің, медузалар мен сегізаяқтардың, балықтар мен ұлулардың, пингвиндер мен ақ аюлардың, жалпы мұхитта немесе мұхитқа жақын жерде өмір сүретін тіршілік иелерінің өмірі туралы керемет суреттер.
Жыл сайынғы "Мұхит фотографы" (Ocean Photographer of the Year 2023) сыйлығының иегерлерін анықтауды Oceanographic журналы ұйымдастырды. 2023 жылдың үздік теңіз фотографы кім? Жеңімпаздардың суретін қараңыз!
© Photo : Jialing Cai/2023 Ocean Photographer of the Year

Филиппинде жанартау атқылағаннан кейін түнде мұхит қоқыстарының үстінде қозғалып бара жатқан "қағаз наутилус" деп аталып кеткен басаяқты ұлу. Фото авторы – байқаудың мінсіз жеңімпазы Цзялин Цай.

Филиппинде жанартау атқылағаннан кейін түнде мұхит қоқыстарының үстінде қозғалып бара жатқан "қағаз наутилус" деп аталып кеткен басаяқты ұлу. Фото авторы – байқаудың мінсіз жеңімпазы Цзялин Цай. - Sputnik Қазақстан
1/14

Филиппинде жанартау атқылағаннан кейін түнде мұхит қоқыстарының үстінде қозғалып бара жатқан "қағаз наутилус" деп аталып кеткен басаяқты ұлу. Фото авторы – байқаудың мінсіз жеңімпазы Цзялин Цай.

© Photo : Craig Parry/2023 Ocean Photographer of the Year

Папуан пингвині – әлемдегі ең жылдам пингвин түрі. Суреттің бас кейіпкері Антарктидадағы суда фотографтың қайығына қарай жүгіріп келе жатыр. Сурет авторы – байқауда екінші орын алған Крейг Пэрри.

Папуан пингвині – әлемдегі ең жылдам пингвин түрі. Суреттің бас кейіпкері Антарктидадағы суда фотографтың қайығына қарай жүгіріп келе жатыр. Сурет авторы – байқауда екінші орын алған Крейг Пэрри. - Sputnik Қазақстан
2/14

Папуан пингвині – әлемдегі ең жылдам пингвин түрі. Суреттің бас кейіпкері Антарктидадағы суда фотографтың қайығына қарай жүгіріп келе жатыр. Сурет авторы – байқауда екінші орын алған Крейг Пэрри.

© Photo : Andrei Savin/2023 Ocean Photographer of the Year

Теңіз шаяны мұхит ағынындағы толқындарға тербелген актинияның ортасында отыр. Суретті фотограф Андрей Савин түсірген.

Теңіз шаяны мұхит ағынындағы толқындарға тербелген актинияның ортасында отыр. Суретті фотограф Андрей Савин түсірген. - Sputnik Қазақстан
3/14

Теңіз шаяны мұхит ағынындағы толқындарға тербелген актинияның ортасында отыр. Суретті фотограф Андрей Савин түсірген.

© Photo : Jack Pokoj/2023 Ocean Photographer of the Year

Кесіртке басты балықтың аузындағы "тосынсый". Фотограф Джек Покой теңіздегі тіршілік иесінің ашық тұрған аузын суретке түсіріп, оның таңғы асқа не жегенін көрсетті.

Кесіртке басты балықтың аузындағы "тосынсый". Фотограф Джек Покой теңіздегі тіршілік иесінің ашық тұрған аузын суретке түсіріп, оның таңғы асқа не жегенін көрсетті. - Sputnik Қазақстан
4/14

Кесіртке басты балықтың аузындағы "тосынсый". Фотограф Джек Покой теңіздегі тіршілік иесінің ашық тұрған аузын суретке түсіріп, оның таңғы асқа не жегенін көрсетті.

© Photo : Jarvis Smallman/2023 Ocean Photographer of the Year

Жарыс жеңімпазы атанған ең жас қатысушылардың бірі – Джарвис Смоллман. Ол түсірген суретте дауыл белгісі болатын үлкен сұр бұлттар күнді жауып, соның әсерінен толқын түсі қанық көкке боялған сәтте бодибордистің теңізге қарай жүзіп бара жатқаны бейнеленген, Батыс Австралия.

Жарыс жеңімпазы атанған ең жас қатысушылардың бірі – Джарвис Смоллман. Ол түсірген суретте дауыл белгісі болатын үлкен сұр бұлттар күнді жауып, соның әсерінен толқын түсі қанық көкке боялған сәтте бодибордистің теңізге қарай жүзіп бара жатқаны бейнеленген, Батыс Австралия. - Sputnik Қазақстан
5/14

Жарыс жеңімпазы атанған ең жас қатысушылардың бірі – Джарвис Смоллман. Ол түсірген суретте дауыл белгісі болатын үлкен сұр бұлттар күнді жауып, соның әсерінен толқын түсі қанық көкке боялған сәтте бодибордистің теңізге қарай жүзіп бара жатқаны бейнеленген, Батыс Австралия.

© Photo : Alvaro Herrero López-Beltrán/2023 Ocean Photographer of the Year

Альваро Лопес жабдыққа оралып, жүзбеқанаттары зақымданған китті суретке түсірді. Алайда кит жараланғанына қарамастан жүзуді жалғастырды (Мексика).

Альваро Лопес жабдыққа оралып, жүзбеқанаттары зақымданған китті суретке түсірді. Алайда кит жараланғанына қарамастан жүзуді жалғастырды (Мексика). - Sputnik Қазақстан
6/14

Альваро Лопес жабдыққа оралып, жүзбеқанаттары зақымданған китті суретке түсірді. Алайда кит жараланғанына қарамастан жүзуді жалғастырды (Мексика).

© Photo : Jade Hoksbergen/2023 Ocean Photographer of the Year

Джейд Хоксберген кит акуласын және онымен бірге жүзген балықтар тобын суретке түсірді. Олар балықшылардың жарқыраған шамдарына қарай жүзіп бара жатыр, Мальдив аралдары.

Джейд Хоксберген кит акуласын және онымен бірге жүзген балықтар тобын суретке түсірді. Олар балықшылардың жарқыраған шамдарына қарай жүзіп бара жатыр, Мальдив аралдары. - Sputnik Қазақстан
7/14

Джейд Хоксберген кит акуласын және онымен бірге жүзген балықтар тобын суретке түсірді. Олар балықшылардың жарқыраған шамдарына қарай жүзіп бара жатыр, Мальдив аралдары.

© Photo : Peter Marshall/2023 Ocean Photographer of the Year

Индонезияның Алор аралының маңында жергілікті балақайлар қолдан жасалған ағаш көзілдіріктерді пайдаланып, теңізде ойнап жүзіп жүр. Авторы – Питер Маршалл.

Индонезияның Алор аралының маңында жергілікті балақайлар қолдан жасалған ағаш көзілдіріктерді пайдаланып, теңізде ойнап жүзіп жүр. Авторы – Питер Маршалл. - Sputnik Қазақстан
8/14

Индонезияның Алор аралының маңында жергілікті балақайлар қолдан жасалған ағаш көзілдіріктерді пайдаланып, теңізде ойнап жүзіп жүр. Авторы – Питер Маршалл.

© Photo : Yung Sen Wu/2023 Ocean Photographer of the Year

Қызыққұмар лобстер-өрмекші камера объективіне қарап тұр. Юнг-сен Ву түсірген күлкілі сурет.

Қызыққұмар лобстер-өрмекші камера объективіне қарап тұр. Юнг-сен Ву түсірген күлкілі сурет. - Sputnik Қазақстан
9/14

Қызыққұмар лобстер-өрмекші камера объективіне қарап тұр. Юнг-сен Ву түсірген күлкілі сурет.

© Photo : Florian Ledoux

Норвегияда ақ аю жұқа мұз үстіне көтерілуге тырысып жатыр. Фотограф Флориан Леду.

Норвегияда ақ аю жұқа мұз үстіне көтерілуге тырысып жатыр. Фотограф Флориан Леду. - Sputnik Қазақстан
10/14

Норвегияда ақ аю жұқа мұз үстіне көтерілуге тырысып жатыр. Фотограф Флориан Леду.

© Photo : Sirachai Arunrugstichai/2023 Ocean Photographer of the Year

Андаман теңізінде түнде жас риф акуласы балықшының қармағына түсіп қалды, Мьянма. Авторы – Сирачай Арунругстичай.

Андаман теңізінде түнде жас риф акуласы балықшының қармағына түсіп қалды, Мьянма. Авторы – Сирачай Арунругстичай. - Sputnik Қазақстан
11/14

Андаман теңізінде түнде жас риф акуласы балықшының қармағына түсіп қалды, Мьянма. Авторы – Сирачай Арунругстичай.

© Photo : Jingyi Wang/2023 Ocean Photographer of the Year

Бұл балық аулауға арналған бұталы қоршаулар. Цзинъи Ван оларды сәтті бұрыштан камерасына түсіріп алған. Қытай.

Бұл балық аулауға арналған бұталы қоршаулар. Цзинъи Ван оларды сәтті бұрыштан камерасына түсіріп алған. Қытай. - Sputnik Қазақстан
12/14

Бұл балық аулауға арналған бұталы қоршаулар. Цзинъи Ван оларды сәтті бұрыштан камерасына түсіріп алған. Қытай.

© Photo : Todd Glaser/2023 Ocean Photographer of the Year

Серфинг кезінде жағада кемпірқосақ пайда болды. Суретті Тодд Глейзер түсірген, Оаху, Гавайи.

Серфинг кезінде жағада кемпірқосақ пайда болды. Суретті Тодд Глейзер түсірген, Оаху, Гавайи. - Sputnik Қазақстан
13/14

Серфинг кезінде жағада кемпірқосақ пайда болды. Суретті Тодд Глейзер түсірген, Оаху, Гавайи.

© Photo : Sylvie Ayer/2023 Ocean Photographer of the Year

Хомосасса өзенінің мөлдір суындағы жырықерінді, Флорида. Авторы – Сильви Айер.

Хомосасса өзенінің мөлдір суындағы жырықерінді, Флорида. Авторы – Сильви Айер. - Sputnik Қазақстан
14/14

Хомосасса өзенінің мөлдір суындағы жырықерінді, Флорида. Авторы – Сильви Айер.

Жаңалықтар
0