Ресей ЕАЭО-дағы барлық серіктесімен өзара іс-қимылды кеңейтуге дайын – Мишустин

2022 жылы Ресейдің Қазақстанмен тауар айналымы рекордтық мәнге – 2 трлн рубльге жетті
Sputnik
АСТАНА, 25 қыркүйек – Sputnik. Ресей Еуразиялық экономикалық одақ бойынша барлық серіктесімен өзара іс-қимылды кеңейтуге дайын. Бұл туралы РФ үкіметінің төрағасы Михаил Мишустин мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.
"Ресей Еуразиялық экономикалық одақ бойынша барлық серіктесімен өзара іс-қимылды кеңейтуге ашық. Соның ішінде әрине, Қазақстанмен. Екі елдің қарым-қатынасы достық, стратегиялық серіктестік және одақтастық қағидаттарына негізделген", - деді Мишустин Астанада басталған "Иннопром.Қазақстан" халықаралық өнеркәсіптік көрмесі аясында өткен пленарлық сессияда.
Оның айтуынша, 2022 жылы Қазақстанмен тауар айналымы рекордтық мәнге – 2 трлн рубльге жетті. Ол биыл да оң динамиканы көрсетіп жатыр. Алғашқы жеті айдың ішінде тауар айналымы 10%-ке өсіп, 1,5 трлн рубльден асқан.
Бүгін Астанадағы "ЭКСПО" алаңында"Иннопром.Қазақстан" халықаралық өнеркәсіптік көрмесі ашылды. Көрмеге Ресей, Беларусь және Қырғызстан премьерлері арнайы келді. Өнеркәсіптік көрмеге 200-ге жуық ресейлік кәсіпорын қатысып жатыр.
Қазақстан мен Ресей өнеркәсіптік кооперация арқасында 30 жобаны жүзеге асырды – Смайылов