https://sputnik.kz/20230925/qazaqstan-men-resey-onerkasiptik-kooperatsiya-arqasynda-30-zhobany-zhuzege-asyrdy--smayylov-38750140.html
Қазақстан мен Ресей өнеркәсіптік кооперация арқасында 30 жобаны жүзеге асырды – Смайылов
Қазақстан мен Ресей өнеркәсіптік кооперация арқасында 30 жобаны жүзеге асырды – Смайылов
Sputnik Қазақстан
Жалпы сомасы 16 млрд доллар тағы 40 жоба жүзеге асырылу кезеңінде 25.09.2023, Sputnik Қазақстан
2023-09-25T12:22+0500
2023-09-25T12:22+0500
2023-09-25T12:22+0500
көрме
https://sputnik.kz/img/07e7/09/19/38748727_0:0:2844:1600_1920x0_80_0_0_063c7f7e7fa14bf0737054e516b5c636.jpg
АСТАНА, 25 қыркүйек – Sputnik. Қазақстан мен Ресей арасында өнеркәсіптік кооперация арқасында 30 бірлескен жоба іске асты. Бұл туралы премьер-министр Әлихан Смайылов "Иннопром.Қазақстан" өнеркәсіптік көрмесі аясында өткен пленарлық отырыста мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.Смайылов Қазақстан бұған дейін Ресейде игі дәстүрге айналған "Иннопром" жұмысына белсенді қатысып, өзінің заманауи технологиялық жетістіктерін ұсынып келгенін атап өтті."Біз бүгін көрмеге қатысушыларды Астанада алғаш рет қабылдап отырмыз. Бұл, сөз жоқ, қазақстандық бизнестің іскерлік байланыстарды кеңейтіп, өнеркәсіптік кооперацияны нығайтуға деген қызығушылығының артып келе жатқанын білдіреді", - деді премьер.Ол жаһандық тұрақсыздық пен экономикалық сын-қатер жағдайында өзара іс-қимылдың осындай форматы орнықты дамудың маңызды құралы екенін атап өтті. Айтуынша, бүгінгі ауқымды шара өзара тиімді ынтымақтастыққа және алда тұрған міндеттерді бірлесіп шешуге ықпал етеді.Смайылов Ресей мен Қазақстан арасында жүзеге асқан бірлескен жобаларға тоқталды.Ол көрме жұмысына ЕАЭО елдерінен 300-ден астам кәсіпорны мен компаниясы қатысып жатқанын айтты."Бұл бизнес-қоғамдастықтың өнеркәсіпті дамыту және жаңа өсім нүктелерін құру бойынша байланысты нығайтуға мүдделі екенін білдіреді", - деп атап өтті Смайылов.Бүгін Астанадағы "ЭКСПО" алаңында "Иннопром.Қазақстан" халықаралық өнеркәсіптік көрмесі ашылды. Көрмеге Ресей, Беларусь және Қырғызстан премьерлері арнайы келді.
https://sputnik.kz/20230925/qazaqstan-men-resey-premerleri-innoprom-kormesin-aralap-shyqty-38747019.html
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2023
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e7/09/19/38748727_113:0:2844:2048_1920x0_80_0_0_60f19a1bc1ea8ad836073580450eb122.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
көрме
Қазақстан мен Ресей өнеркәсіптік кооперация арқасында 30 жобаны жүзеге асырды – Смайылов
Жалпы сомасы 16 млрд доллар тағы 40 жоба жүзеге асырылу кезеңінде
АСТАНА, 25 қыркүйек – Sputnik. Қазақстан мен Ресей арасында өнеркәсіптік кооперация арқасында 30 бірлескен жоба іске асты. Бұл туралы премьер-министр Әлихан Смайылов "Иннопром.Қазақстан" өнеркәсіптік көрмесі аясында өткен пленарлық отырыста мәлімдеді, деп хабарлайды
Sputnik Қазақстан тілшісі.
Смайылов Қазақстан бұған дейін Ресейде игі дәстүрге айналған "Иннопром" жұмысына белсенді қатысып, өзінің заманауи технологиялық жетістіктерін ұсынып келгенін атап өтті.
"Біз бүгін көрмеге қатысушыларды Астанада алғаш рет қабылдап отырмыз. Бұл, сөз жоқ, қазақстандық бизнестің іскерлік байланыстарды кеңейтіп, өнеркәсіптік кооперацияны нығайтуға деген қызығушылығының артып келе жатқанын білдіреді", - деді премьер.
Ол жаһандық тұрақсыздық пен экономикалық сын-қатер жағдайында өзара іс-қимылдың осындай форматы орнықты дамудың маңызды құралы екенін атап өтті. Айтуынша, бүгінгі ауқымды шара өзара тиімді ынтымақтастыққа және алда тұрған міндеттерді бірлесіп шешуге ықпал етеді.
Смайылов Ресей мен Қазақстан арасында жүзеге асқан бірлескен жобаларға тоқталды.
"Елдеріміз арасындағы өнеркәсіптік кооперацияның арқасында Қазақстанда 30 бірлескен жоба жүзеге асты. Сомасы 16 млрд доллардан асатын тағы 40 ірі жоба жүзеге асу кезеңінде", - деді премьер-министр.
Ол көрме жұмысына ЕАЭО елдерінен 300-ден астам кәсіпорны мен компаниясы қатысып жатқанын айтты.
"Бұл бизнес-қоғамдастықтың өнеркәсіпті дамыту және жаңа өсім нүктелерін құру бойынша байланысты нығайтуға мүдделі екенін білдіреді", - деп атап өтті Смайылов.
Бүгін Астанадағы "ЭКСПО" алаңында "Иннопром.Қазақстан" халықаралық өнеркәсіптік көрмесі ашылды. Көрмеге Ресей, Беларусь және Қырғызстан премьерлері арнайы келді.