АСТАНА, 25 қыркүйек – Sputnik. Қазақстандық балуан Нұрсұлтан Тұрсынов Парижде өтетін Олимпиаданың жолдамасына ие болды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
Сербияда өткен әлем чемпионатында спортшымыз әзербайжандық палуанды жеңіп, бесінші орынды иеленді. Осылайша 2024 жылы өтетін Париж Олимпиадасының жолдамасын ұтып алды.
Айта кетері, чемпионаттың жартылай финалында Тұрсынов түрік споршысынан ұтылды. Одан кейін қола үшін белдесуде украиналық Жан Беленюктан жеңілді. Бірақ бесінші орынға таласып, қарсыласын тізе бүктірді.
Бұған дейін бессайыс шеберлері Елена Потапенко мен Георгий Борода-Дудочкин Олимпиада жолдамасын жеңіп алған болатын.