Азия ойындары-2023: алғашқы жарыс күнінің нәтижесі жарияланды

© Photo : Olympic.kzАбиба Абужақынова
Абиба Абужақынова - Sputnik Қазақстан, 1920, 25.09.2023
Жазылу
Туризм және спорт министрлігі Азия ойындарының бірінші күніндегі Қазақстан құрамасының нәтижесі туралы айтты
АСТАНА, 25 қыркүйек – Sputnik. Жексенбі күні Ханчжоуда (Қытай) өтіп жатқан Азия ойындарында қазақстандық дзюдошылар екі медаль жеңіп алды.
© Photo : kazsports.kzАбиба Әбужақынова
Абиба Әбужақынова - Sputnik Қазақстан, 1920, 25.09.2023
Абиба Әбужақынова
Абиба Абужақынова 48 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде күміс, ал Мағжан Шамшадин 60 келіге дейінгі салмақта қола жүлдегер атанды.
© Photo : olympic.kzМағжан Шамшадин
Казахстанский дзюдоист Магжан Шамшадин - Sputnik Қазақстан, 1920, 25.09.2023
Мағжан Шамшадин
Қазіргі бессайыс: Елена Потапенко мен Георгий Борода-Дудочкин жекелей жарыс қорытындысы бойынша олимпиадалық лицензия иеленді.
Спорттық гимнастика: Нариман Құрбанов ат үстінде жаттығудан финалға шықты.
Бокс: Ертуған Зейноллинов 63,5 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде 1/16 финалға өтті.
Шахмат: Жансая Әбдімәлік пен Бибісара Асаубаева әйелдер шахмат турнирінің алғашқы екі турында жеңіске жетті. Ерлер арасында Қазыбек Нөгербектің есебінде екі жеңіс, Ринат Жұмабаевтың еншісінде бір жеңіс бар.
Гандбол: әйелдер құрамасы топтық кезеңде Тайланд құрамасын 44:20 есебімен ұтты.
Теннис: Бейбіт Жұқаев жекелей сайыстың екінші раундында Тәжікстан спортшысы Фируз Мухидиновты жеңді-6:0, 6:0. Біздің екі команда ерлер арасындағы жұптық сайыстың екінші кезеңіне өтті.
Жағажай волейболы: Н.Алдаш/К.Гурин және С.Богату/Д.Яковлев жұптары ерлер арасындағы ширек финалға өтті.
Жаңалықтар
0