Азия ойындары-2023: алғашқы жарыс күнінің нәтижесі жарияланды

Туризм және спорт министрлігі Азия ойындарының бірінші күніндегі Қазақстан құрамасының нәтижесі туралы айтты
Sputnik
АСТАНА, 25 қыркүйек – Sputnik. Жексенбі күні Ханчжоуда (Қытай) өтіп жатқан Азия ойындарында қазақстандық дзюдошылар екі медаль жеңіп алды.
Абиба Әбужақынова
Абиба Абужақынова 48 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде күміс, ал Мағжан Шамшадин 60 келіге дейінгі салмақта қола жүлдегер атанды.
Мағжан Шамшадин
Қазіргі бессайыс: Елена Потапенко мен Георгий Борода-Дудочкин жекелей жарыс қорытындысы бойынша олимпиадалық лицензия иеленді.
Спорттық гимнастика: Нариман Құрбанов ат үстінде жаттығудан финалға шықты.
Бокс: Ертуған Зейноллинов 63,5 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде 1/16 финалға өтті.
Шахмат: Жансая Әбдімәлік пен Бибісара Асаубаева әйелдер шахмат турнирінің алғашқы екі турында жеңіске жетті. Ерлер арасында Қазыбек Нөгербектің есебінде екі жеңіс, Ринат Жұмабаевтың еншісінде бір жеңіс бар.
Гандбол: әйелдер құрамасы топтық кезеңде Тайланд құрамасын 44:20 есебімен ұтты.
Теннис: Бейбіт Жұқаев жекелей сайыстың екінші раундында Тәжікстан спортшысы Фируз Мухидиновты жеңді-6:0, 6:0. Біздің екі команда ерлер арасындағы жұптық сайыстың екінші кезеңіне өтті.
Жағажай волейболы: Н.Алдаш/К.Гурин және С.Богату/Д.Яковлев жұптары ерлер арасындағы ширек финалға өтті.