Ақтауда екі баласымен үйдің кіреберісінде ұйықтап қалған әйелдің ата-ана құқығы шектелді

Қазіргі уақытта 4 жастағы баласы кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталығында, екі жасар қыз балалар үйінде тұрады
Sputnik
АЛМАТЫ, 24 қыркүйек - Sputnik. Ақтауда көпқабатты үйдің кіреберісінде балаларымен бірге ұйықтаған әйелдің ата-ана құқығы шектелді, деп хабарлайды Lada.kz порталы.
Бұл оқиға екі ай бұрын болған. Әйел адам ішімдікке мас күйінде көпқабатты үйдің кіреберісінде балаларымен ұйықтап қалған.
"Екі баланың анасы 38 жаста. Ақтауға ол Жамбыл облысынан табыс табуға келген. Мұнда ол пәтер жалдап тұрған. Қазіргі уақытта оның 4 жастағы үлкен баласы кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталығында. Екі жасар қыз балалар үйінде тұрады", - дейді Ақтау қаласы білім бөлімінің балалар құқығын қорғау секторының меңгерушісі Жұлдыз Ағманова.
Әйел түсіндірме әңгімеге шақырылған, алайда ол мас күйде келген. Осы уақыт ішінде анасы балаларын көруге небәрі бір рет қана барған.
Жұлдыз Ағманованың айтуынша, әйел балаларын өзінің інісіне қамқорлыққа бермек.
"Ол үшін қажетті құжаттарды жинап жатыр. Кейін Алматы қорғаншылық органдары тексеру жүргізетін болады. Осы қорытындымен біз балаларды қамқоршылыққа береміз", - дейді балалар құқығын қорғау секторының меңгерушісі.
Өңірлер
Алматы облысында әйел мен оның екі баласын өлтірген күдікті қамауға алынды