https://sputnik.kz/20230917/almaty-oblysynda-ayel-men-onyn-eki-balasyn-oltirgen-kudikti-qamauga-alyndy-38528040.html
Алматы облысында әйел мен оның екі баласын өлтірген күдікті қамауға алынды
Алматы облысында әйел мен оның екі баласын өлтірген күдікті қамауға алынды
Sputnik Қазақстан
Қаскөй анасы мен балаларын өлтіріп, денелерін үймен қоса өртеп жіберген 17.09.2023, Sputnik Қазақстан
2023-09-17T10:45+0500
2023-09-17T10:45+0500
2023-09-17T10:45+0500
өңірлер
алматы облысы
қылмыс
https://sputnik.kz/img/785/26/7852617_0:63:1199:737_1920x0_80_0_0_d00b34228e9a99484e1bad605824b910.jpg
АСТАНА, 17 қыркүйек – Sputnik. Полиция қызметкерлері әйел мен оның кәмелетке толмаған екі баласын өлтірген күдіктіні ұстады, деп хабарлайды Polisia.kz.Жедел-іздестіру шаралары барысында Алматы қаласының 1982 жылғы тұрғыны анықталып, ұсталды."Бұл факті аудандық полицияда Қылмыстық кодекстің 99-бабы 2-бөлігі 1-тармағы (Екі немесе одан да көп адамды өлтіру) және 99-бабы 3-бөлігі (Жас баланы өлтіру) бойынша тіркелді. Қазір түпкілікті іс жүргізу шешімін қабылдау үшін барлық қажетті сараптама тағайындаумен тергеу жүргізіліп жатыр", - деді Алматы облысы ПД бастығы Бауыржан Әленов.Ұсталған адам уақытша ұстау изоляторына қамалды.Естеріңізге сала кетейік, жантүршігерлік оқиға 14 қыркүйекте Алматы облысы Іле ауданының Ащыбұлақ ауылында болған. Қаскөй әйелді және оның кәмелетке толмаған екі баласын өлтіріп, денелерін үймен қоса өртеп жіберген.Қаза тапқан әйел пәтер жалдап, балаларын жалғыз асырап отырған. Қарапайым құрылысшы болған.
https://sputnik.kz/20230916/almaty-oblysyndagy-zhanturshigerlik-qylmystyn-zhay-zhapsary-aytyldy-38511911.html
алматы облысы
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2023
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/785/26/7852617_65:0:1132:800_1920x0_80_0_0_673503435891cdd564218c12645f877c.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
алматы облысы, қылмыс
Алматы облысында әйел мен оның екі баласын өлтірген күдікті қамауға алынды
Қаскөй анасы мен балаларын өлтіріп, денелерін үймен қоса өртеп жіберген
АСТАНА, 17 қыркүйек – Sputnik. Полиция қызметкерлері әйел мен оның кәмелетке толмаған екі баласын өлтірген күдіктіні ұстады, деп хабарлайды
Polisia.kz. Жедел-іздестіру шаралары барысында Алматы қаласының 1982 жылғы тұрғыны анықталып, ұсталды.
"Бұл факті аудандық полицияда Қылмыстық кодекстің 99-бабы 2-бөлігі 1-тармағы (Екі немесе одан да көп адамды өлтіру) және 99-бабы 3-бөлігі (Жас баланы өлтіру) бойынша тіркелді. Қазір түпкілікті іс жүргізу шешімін қабылдау үшін барлық қажетті сараптама тағайындаумен тергеу жүргізіліп жатыр", - деді Алматы облысы ПД бастығы Бауыржан Әленов.
Ұсталған адам уақытша ұстау изоляторына қамалды.
Естеріңізге сала кетейік, жантүршігерлік оқиға 14 қыркүйекте Алматы облысы Іле ауданының Ащыбұлақ ауылында болған. Қаскөй әйелді және оның кәмелетке толмаған екі баласын өлтіріп, денелерін үймен қоса өртеп жіберген.
Қаза тапқан әйел пәтер жалдап, балаларын жалғыз асырап отырған. Қарапайым құрылысшы болған.