АСТАНА, 21 қыркүйек – Sputnik. Сербия астанасы Белград қаласында күрес түрлерінен өтіп жатқан әлем чемпионатында Жәмилә Бақбергенова (72 келі) қола жүлдегер атанды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
Қазақстандық балуан 3-орын үшін польшалық Наталия Стрзалькамен таласты. Нәтижесінде қарсыласынан 4:1 есебімен басым түсті.
Айта кетсек, Жәмилә Бақбергенова 2021 және 2022 жылдары әлем чемпионатында күміс жүлдегер атанған еді. Сондай-ақ үш мәрте Азия чемпионатында топ жарды.
Еске салсақ, бұған дейін Қазақстан құрамасынан Ризабек Айтмұқан еркін күрестен әлем чемпионы атанған болатын.