"ӨКМ операторы" ісіне қатысты үкім өзгеріссіз қалды

Апелляциялық алқа Астанада шешім шығарды
Sputnik
АСТАНА, 22 қыркүйек – Sputnik. Астанадағы сот алқасы "ӨКМ операторы" ісі бойынша үкімді өзгеріссіз қалдырып, адвокаттардың өтінішін қанағаттандырмады.
Бұған дейін бірінші сатыдағы сот өз өкілеттігін асыра пайдаланған "ӨКМ операторы" ЖШС-нің екі басшысын 7 жылға, ал үшіншісін екі жылға бас бостандығынан айыру туралы үкім шығарды, рақымшылық мерзімі бір жылға қысқарды.
Бұрынғы экологияның вице-министрі Ахметжан Пірімқұлов 7 жылға бас бостандығынан айырылды. Ол өмір бойына мемлекеттік қызметте және квазимемлекеттік секторда қызмет атқара алмайды.
"ӨКМ операторының" құқықтық мәселелер жөніндегі басқарушы директоры Руслан Шамшиев жұмыс кабинетінде суицид жасады.
Айыпталушылар эксплуатациядан шыққан көліктердің құнын негізсіз қымбаттатып сатып, 26,8 миллиард теңге шығын келтірген.
Кейбір деректерге сүйенсек, Қазақстанның тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың кіші қызы Әлиямен байланысты "Оператор РОП" компаниясы тозығы жеткен машиналарды жоюға жұмсалатын біржолғы төлемдерді жинаған.
Куәгерлер РОП операторының түпкі бенефициары Әлия Назарбаева деп көрсетті - депутат