https://sputnik.kz/20230920/kuagerler-rop-operatorynyn-tupki-benefitsiary-aliya-nazarbaeva-dep-korsetti---deputat-38623379.html
Куәгерлер РОП операторының түпкі бенефициары Әлия Назарбаева деп көрсетті - депутат
Куәгерлер РОП операторының түпкі бенефициары Әлия Назарбаева деп көрсетті - депутат
Sputnik Қазақстан
Сот та, бас прокуратура өкілдері де сот процесінде куәгерлердің уәжіне назар аудармаған 20.09.2023, Sputnik Қазақстан
2023-09-20T15:36+0500
2023-09-20T15:36+0500
2023-09-20T15:58+0500
оператор роп
әлия назарбаева
бас прокуратура
https://sputnik.kz/img/1168/49/11684927_0:160:3073:1888_1920x0_80_0_0_6c4b4dfc64d7986d0c8ef01c7f7a8ecb.jpg
АЛМАТЫ, 20 қыркүйек – Sputnik. Куәгерлер РОП операторының түпкі бенефициары Әлия Назарбаева деп көрсетті. Бұл туралы мәжіліс депутаты Ерлан Сайыров "AMANAT" партиясының жанындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі республикалық кеңес отырысында айтты. Кеңес төрағасы жиналғандардың назарын РОП операторына қатысты мәселеге аударды. Мәжілісменнің айтуынша, сот та, бас прокуратура өкілдері де сот процесінде куәгерлердің уәжіне назар аудармаған. "Бірақ сот та, Бас прокуратура өкілдері де сот процесінде бұл азаматтардың уәжіне ешқандай назар аудармады. Егер Қазақстанда әділетті қоғам орнатамыз десек, өзіне қатысты осындай куәгерлік берілген әрбір азамат кінәсіздігін сотқа келіп дәлелдеуі қажет", - деді депутат. Сондай-ақ Ерлан Сайыров азаматтардың уәжін міндетті түрде Бас прокуратураға жеткізетінін және бұл мәселе Кеңестің бақылауында болатынын айтты.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2023
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/1168/49/11684927_170:0:2901:2048_1920x0_80_0_0_6397f98bfb907f6c6f43a723edb5e885.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
оператор роп, әлия назарбаева, бас прокуратура
оператор роп, әлия назарбаева, бас прокуратура
Куәгерлер РОП операторының түпкі бенефициары Әлия Назарбаева деп көрсетті - депутат
15:36 20.09.2023 (жаңартылды: 15:58 20.09.2023) Сот та, бас прокуратура өкілдері де сот процесінде куәгерлердің уәжіне назар аудармаған
АЛМАТЫ, 20 қыркүйек – Sputnik. Куәгерлер РОП операторының түпкі бенефициары Әлия Назарбаева деп көрсетті. Бұл туралы мәжіліс депутаты Ерлан Сайыров "AMANAT" партиясының жанындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі республикалық кеңес отырысында айтты.
Кеңес төрағасы жиналғандардың назарын РОП операторына қатысты мәселеге аударды.
"Баршамызға белгілі, жақында РОП деп аталатын ұйым басшыларының бірқатары қылмыстық жауапқа тартылды. Сот барысында көптеген куәгер жемқорлық жолмен алынған қаржының түпкі бенефициары Әлия Назарбаева деп көрсетті", - дейді Ерлан Сайыров.
Мәжілісменнің айтуынша, сот та, бас прокуратура өкілдері де сот процесінде куәгерлердің уәжіне назар аудармаған.
"Бірақ сот та, Бас прокуратура өкілдері де сот процесінде бұл азаматтардың уәжіне ешқандай назар аудармады. Егер Қазақстанда әділетті қоғам орнатамыз десек, өзіне қатысты осындай куәгерлік берілген әрбір азамат кінәсіздігін сотқа келіп дәлелдеуі қажет", - деді депутат.
Сондай-ақ Ерлан Сайыров азаматтардың уәжін міндетті түрде Бас прокуратураға жеткізетінін және бұл мәселе Кеңестің бақылауында болатынын айтты.