Тоқаев жаңадан тағайындалған кеңесшісіне қандай тапсырма берді

Президент Климаттың өзгеруi жөнiндегi конференцияға және Аймақтық климаттық саммитке дайындық жөнінде бірқатар нақты міндет жүктеді
Sputnik
АСТАНА, 21 қыркүйек – Sputnik. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан Республикасы президентінің кеңесшісі – президенттің халықаралық экологиялық ынтымақтастық жөніндегі арнаулы өкілі Зүлфия Сүлейменованы қабылдады, деп хабарлады Ақорда.
Кездесу барысында мемлекет басшысы арнаулы өкілге алдағы шараларға, атап айтқанда биыл қараша айына жоспарланған Климаттың өзгеруi жөнiндегi БҰҰ негiзгi конвенциясына қатысушы тараптардың 28-конференциясына және 2026 жылы БҰҰ аясында өтетін Аймақтық климаттық саммитке дайындық жөнінде бірқатар нақты міндет жүктеді.
Сондай-ақ президент шетелдік серіктестермен арадағы ықпалдастықты, соның ішінде экономиканы декарбонизациялау және ауаға таралатын метан мөлшерін азайту бағыттары бойынша ынтымақтастықты нығайту маңызды екенін атап өтті.
Зүлфия Сүлейменова президенттің кеңесшісі болды