Зүлфия Сүлейменова президенттің кеңесшісі болды

© Sputnik / Владислав Воднев Министр экологии и природных ресурсов Зульфия Сулейменова

Министр экологии и природных ресурсов Зульфия Сулейменова - Sputnik Қазақстан, 1920, 21.09.2023
Жазылу
Бұған дейін ол Қазақстанның экология және табиғи ресурстар министрі қызметін атқарды
АСТАНА, 21 қыркүйек – Sputnik. Мемлекет басшысының өкімімен Зүлфия Сүлейменова Қазақстан президентінің кеңесшісі – президенттің халықаралық экологиялық ынтымақтастық жөніндегі арнаулы өкілі лауазымына тағайындалды, деп хабарлады Ақорда.

Зүлфия Сүлейменованың өмірбаяны

3Зүлфия Сүлейменова 1990 жылы Ақтөбе қаласында дүниеге келген. Еуразия ұлттық университетінде "Халықаралық қатынастар" мамандығы бойынша бакалавр, одан кейін магистр дәрежесін алды. 2019 жылы президенттік жастар резервіне енді.
Экология және табиғи ресурстар министрлігінде климаттық саясат пен жасыл технологиялар депаратменті директорының орынбасары болып жұмыс істеді. БҰҰ экономикалық және әлеуметтік комиссиясының консультанты, Президент жанындағы стратегиялық зерттеулер институтының ғылыми қызметкері болды.
Ал 2022 жылы экология, геология және табиғи ресурстар вице-министрі қызметіне тағайындалды.
Бұған дейін экология және табиғи ресурстар министрі лауазымын атқарды. Сүлейменова үкіметтегі ең жас министр болды.
Правительство заглушка - Sputnik Қазақстан, 1920, 06.09.2023
Инфографика
Министрлер кабинетінің жаңа мүшелері: жаңартылған үкімет
Жаңалықтар
0